×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда қанша оқушы орамал тағатыны үшін мектепке бара алмай жүр

10.10.2023, 11:32
Қазақстанда қанша оқушы орамал тағатыны үшін мектепке бара алмай жүр
Фото: Ашық дереккөзден

Бұл сұрақ бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкіметтегі брифинг барысында журналистер министрге оқу жылы басынан бері Атырау облысында 150-ден астам оқушы хиджаб киетіндіктен мектепке бармайтыны жөнінде ақпарат барын айтқан. Тілшілер бұл мәліметтің рас-өтірігін министрден білмек болды. Бейсембаевтан ел бойынша жалпы статистиканы сұрады.

"Қыркүйек айының басында 150-ден астам оқушы болды (хиджаб киіп, мектепке бармайтындар). Сіздер мектеп балаларға ең алдымен, сапалы білім мен тәрбие алуы үшін керектігін жақсы түсінесіздер. Сондықтан ата-аналардың көпшілігі осыны түсініп, қабылдай бастады. Қазіргі уақытта мұндай сұрақтар жоқ. Басқа аймақтар бойынша [деректер] орамал тағатын оқушылардың саны бойынша деректі қарау керек. Маған берілген ақпарат бойынша мұндай оқушылар жоқ", - деп жауап берді министр.

Айта кетейік, жаңа оқу жылы басталғалы қоғамда мектепке хиджаб кию мәселесіне қатысты дау-дамай басылмай тұр. Бұдан бұрын  оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жекелеген азаматтардың мектептерде хиджаб киюге рұқсат беру туралы талабына қатысты пікір білдірген

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров кез келген діни шектеулер конституциялық құқықтардың бұзылуына алып келетінін мәлімдеген.

Ал оның әріптесі Ардақ Назаров Қазақстан зайырлы мемлекет екенін еске салып, оның әрбір азаматы заңға бағынуы керегін айтты.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да дауға айналған мәселеге қатысты ойын ортаға салды.