×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Кеншілердің зейнетке ерте шығуы: Еңбек министрлігі екі шартты атады

10.10.2023, 12:07
Коллаж: Ulysmedia.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандық кеншілердің 55 жаста зейнетке шығуы үшін қажетті шарттарды атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, осы жылдың соңына дейін ауыр өндірістерде жұмыс істейтін адамдардың ерте зейнетке шығуына мүмкіндік беретін заң қабылданады, құжат 2024 жылдан бастап күшіне енеді.

"Бүгінгі таңда қаржылық реттеу агенттігі өмірді сақтандыру компаниясымен бірлесіп, есептеулер жүргізіп жатыр. Біз өз тарапымыздан екі шартты анықтадық – жұмысшының 55 жасқа толуы және жеті жыл ішінде міндетті зейнетақы жарналарының болуы. Жыл соңына дейін мәселе шешілуі тиіс", - деді Светлана Жақыпова.

Министр сондай-ақ кеншілерге төлемдер бірден үш көзден түсетінін хабарлады. Республикалық бюджеттің шығындарына келсек, Жақыпова үш жылға 45 млрд теңге бөлу жоспарланғанын хабарлады. Төлемдер 46 мыңға жуық қазақстандыққа тағайындалмақ.

Айта кетейік, бұдан бұрын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов 300 мың қазақстандық ауыр еңбек жағдайында жұмыс істейтінін мәлімдеген.

Кеншілердің ерте зейнетке шығу мәселесі Еңбек министрлігінде бір жылдан астам уақыт бойы талқыланып келеді. “Қазақстан” кенішінде бес шахтердің қаза болуы бұл мәселені өзектендіре түсті.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында еңбек министрлігіне кеншілер мен ауыр еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарға арнайы төлемдер мәселесін пысықтауды тапсырған болатын.

Серіктес жаңалықтары