×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

11,4 млн теңгенің дәретханасы жұмыс істемейді: Антикор Көлсайдағы көп былықтың бетін ашты

12.10.2023, 08:54
көрнекі фото

Антикор Алматы облысының туристік нысандарына еріктілер жүргізген мониторинг кезінде Көлсай, Қайыңды және Есік көлдерінен жемқорлық тәуекелдері анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мониторингке желіде тараған туризм инфрақұрылымының жай-күйін сынайтын бейнероликтер негіз болған.

«Нәтижесінде экологиялық алым төлеудегі және мақсатты пайдаланудағы ашықтықтың жоқтығы, модульдік қоғамдық дәретханалардың жұмыс істемеуі және оларға талапқа сай техникалық қызмет көрсетілмейтіні, сондай-ақ қызметтерді талапқа сай көрсетпеу сияқты жемқорлық тәуекелдері анықталды», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, аталған туристік нысандарды зерделеу барысында «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағына кірген кезде қызметкерлер кассалық аппаратты айналып өту үшін төлемнің қолма-қол нысанын пайдалана алатыны белгілі болды.

“2022 жылы Кеген ауданы әкімдігі бір данасын 11,4 млн теңгеге сатып алған стационарлық модульдік дәретхана жұмыс істемей тұр (электр жарығы мен су жоқ).Одан басқа тағы үш дәретхана жабық болды. Еріктілер сондай-ақ Саты ауылынан Қайыңды көліне дейінгі жолдың нашарлығын атап өтті. Салдарынан туристер көлге жету үшін жергілікті тұрғындардың қызметіне жүгінуге мәжбүр”, – деп мәлім етті ведомство.

Аталған фактілердің барлығы Алматы облысының туристік саласы мен имиджіне тікелей әсер ететінін ескере отырып, еріктілер бірнеше кеңес берді:

  • туристік инфрақұрылымды жаңартуды ескере отырып, облыстың туристік саласын дамыту жөніндегі кешенді стратегиялық құжат әзірлеу;
  • саяхаттауға қолайлы жағдай жасау үшін аймақтың жай-күйі мен санитарлық-гигиеналық тораптармен қамтамасыз етілуін талдау;
  • Саты ауылынан Қайыңды көліне дейін жол салу және туристерді тасымалдау үшін «Еуро-4» стандартынан төмен автомобильдерді пайдалануды шектеу;
  • туристік орындардағы ағаш дәретханалардың көзін құрту. 

Айта кетейік, бұдан бұрын депутат Данияр Қасқарауов Көлсай көлдерінің экологиясы, демалыс орындары маңындағы дәретхана тапшылығы жайлы мәселе көтеріп, вице-премьер Тамара Дүйсеноваға сауал жолдаған.

Спорт және туризм министрлігінің жаңа басшысы Ермек Маржықпаевтан депутат көтерген мәселелер жақын арада шешімін табатынына сендірді.

Серіктес жаңалықтары