×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Туристік нысандар маңынан дәретхана табу мұң: жаңа министр мәселені қалай шешпек

07.09.2023, 09:53
Коллаж: Ulysmedia.kz

Спорт және туризм министрлігінің жаңа басшысы Ермек Маржықпаевтан елдегі туристік нысандар маңында дәретхана тапшылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz тілшісі министрге бұған дейін өзі әкім болған Ақмола облысындағы Бурабай демалыс орнында, сондай-ақ, туристер жиі баратын Көлсай көлдері жағасында дәретхана табу мұң екенін айтып, бұл мәселені қалай шешуді жоспарлап отырғанын сұрады.

“Бурабай туралы айтсақ, 2019 жылы өте қиын жағдай болды. 2 жыл ішінде біз 40 дәретхана орнаттық. Сондықтан биыл Бурабайдағы жағдай дұрысталды деп санаймын”, – деді Маржықпаев.

Ал өзге туристік нысандар маңын абаттандыру мәселесі жуырда талқыланып, шешімін табатынына сендірді.

“Жақында Ақтауда үлкен туристік жиналыс өтеді. Премьер-министр қатысады деп жоспарланып отыр. Сол жиында аталған мәселелер көтеріліп, талқыланады”, – деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, бұдан бұрын депутат Данияр Қасқарауов Көлсай көлдерінің экологиясы жайлы мәселе көтеріп, вице-премьер Тамара Дүйсеноваға сауал жолдаған.

«Айналаның бәріне шамамен үш жүздей киіз үй мен тамақтану шатырлары тігілген. Ешқайсысында дәретхана жоқ. Таулы аймақта кәріз жүйесі болмағандықтан шайынды сулар мен нәжіс жерге сіңіп жатыр. Септик, ассенизатор деген атымен жоқ. Осылайша тұмса табиғаттың экологиясы бұзылуда. Қала берді түтіні будақтаған көліктер көлдің басына дейін барады», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары