×
465.38
483.58
7.69
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
465.38
483.58
7.69

Қостанай облысына келетін шетелдіктер саны 3 есе азайды

17.10.2021, 17:59
Фото: ашық дереккөз

Бұрын облысқа 30-40 мыңнан астам азамат кірсе, қазір бұл ағын 3 есе төмендеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Polisia.kz-ның мәліметінше, Қостанай облысының аумағында 15 және 16 қазанда «Жолда қабылдау» акциясы өткізілуде.

Акция аясында Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қайрат Дутпаев облыс тұрғындарын Қостанай облысы аумағындағы көші-қон жағдайымен таныстырды.

«Бүгінгі таңда пандемияға байланысты сыртқы көші-қон процестері айтарлықтай азайды. Егер бұрын облысқа 30-40 мыңнан астам азамат кірсе, қазір бұл ағын 3 есе төмендеді. Алайда облыс аумағындағы ішкі көші-қон процесі жоғары деңгейде қалып отыр», – деді Қайрат Дутпаев.

Сондай-ақ Қостанай облысында «Нелегал» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Мақсаты – көші-қон бақылауын күшейту, заңсыз көші-қон, адам саудасы фактілерінің жолын кесу, қылмыскерлерді іздестіру. Бір апта ішінде 100-ден астам көші-қон заңнамасын бұзушылық анықталып, 12 шетелдік сот шешімі бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарылған.