×
$
447.52
€
502.21
₽
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.52
€
502.21
₽
5.41

Ақтөбе ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты

12.10.2023, 11:59
Ақтөбе ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты
фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе ферроқорытпа зауытында электрмонтаждау жұмысын жүргізіп жатқан жұмысшы 9 метр биіктіктен құлап мерт болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға 10-қазан күні сағат 17:10-да болған. «МСС-КИП Автоматика» ЖШС-нің 40 жастағы қызметкері 9 метр биіктіктен құлап кетті.  Жұмысшы бірден жедел жәрдем ауруханасына жеткізілгенімен, 11 қазан күні қайтыс болды.

— Еңбек кодексінің 188-бабы 4-бөлігі негізінде арнайы комиссия құрылады. Комиссия құрамында еңбек инспекциясының мамандары да болады, — деп хабарлады облыстық еңбек инспекциясы басқармасы.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ақмола облысының Степногор қаласына қарасты Заводская кентінде электр бағанында жөндеу жұмыстары кезінде 35 жастағы жұмысшы қаза тапқан.

Сізге қызық болуы мүмкін