×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қазақстанда 1,3 млн әйелдің мүлдем зейнетақы аударымдары жоқ

12.10.2023, 18:01
фото: ашық дереккөзден

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еліміздегі әйелдердің жұмыспен қамтылу статистикасын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, бүгінде елімізде жұмыс күші құрамында 4,6 млн әйел кісі еңбек етсе, оның 4,4 млн-ы (95%) экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейді. Ал жұмыспен қамтылған әйелдердің 64%-ы қалаларда тұрады. Электрондық еңбек шарттары бойынша талдау көрсеткендей, басшылық қызметтегі әйелдердің үлесі 41%-ды құрап отыр.

«Қазіргі уақытта Отбасының цифрлық картасының  мүмкіндіктерін кеңінен қолданудамыз, оның деректері бойынша 2,8 млн әйел ресми түрде жұмыс істейді. Олар үшін міндетті зейнетақы жарналары аударылуда. Сонымен қатар, 1 млн-нан астам әйел ауылдық жерлерде тұрады. Ақпараттық технологиялар саласында 46,5 мыңға жуық әйел азаматы жұмыс істейді, оның 39 мыңы – қала тұрғындары. Олардың компаниялардағы қызметтеріне қатысты: 11% – басшылар; 30% – мамандар; 59% – техниктер мен көмекші персонал», – деді министр Светлана Жақыпова.

Сондай-ақ, жұмыспен қамтылмаған, зейнетақы аударымдары жоқ, оқу орнында оқып жатпаған және декреттік демалысқа шықпаған әйелдер бойынша талдау жұмыстары жүргізілген.

«Осы санаттағы 1 млн 295 мың әйелді анықтадық. Біз өңірлердегі жағдайдан хабардармыз және ОЦК мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қажетті ақпаратты SMS арқылы жолдап, нақты қолдау шараларын ұсынамыз. Бұл жұмыс жүзеге асырылуда. Оның нәтижесінде 8,2 мың қазақстандық жастарды жұмысқа орналастырдық», – деді ведомство басшысы. 

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда еңбекке қабілетті азаматтардың үлесі азайғаны хабарланған. Мамандар еңбекке қабілетті азаматтар үлесінің қысқаруы халықтың экономикалық өсуіне, бәсекеге қабілеттілігіне, әл-ауқатына қауіп төндіретінін айтады.

Серіктес жаңалықтары