×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Байлар мен кедейлер арасы жер мен көктей: Қазақстанның қай аймағында тұрмыс төмен

13.10.2023, 08:12
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстанда ел ішіндегі өмір сапасының көрсеткіші есептелді. Жарияланған мәліметтерге сәйкес орташа жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) жан басына шаққанда 2,4 млн теңгені құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жалпы өңірлік өнім - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде белгілі бір өңірдің түпкілікті тауарлары мен қызметтерінің құнын білдіреді. ЖӨӨ өндіріс әдісімен есептеледі және экономикалық қызметтің барлық түрлерінің жалпы қосылған құнының сомасын білдіреді және таза салықтарды қамтиды. ЖӨӨ сомасы жалпы ішкі өнімге тең болуы керек.

Ұлттық статистика бюросы мамандарының мәліметтері бойынша қаңтар-маусым айлары аралығында бұл көрсеткіш тек сегіз өңірде орташа республикалық деңгейден жоғары болды.

Атырау облысы көшбасшы атанды, аймақта бұл көрсеткіш жан басына шаққанда 9,5 млн теңгені құрады. Одан кейін Алматы (4,4 млн теңге), ал үшінші орында Астана (3,5 млн теңге) тұр. Ұлытау облысының көрсеткіші де (3,4 млн теңге) елордамен шамалас болды.

Оңтүстік аймақтардағы жағдай көңіл көншітпеді. ЖӨӨ көрсеткіші бойынша елдің басты антилидері – Түркістан облысы (0,7 млн теңге). Бұл аймақтағы ЖӨӨ Атырау облысына қарағанда 13,5 есе аз.

Сонымен қатар, сарапшылар ең "бай" және "кедей" аймақ арасындағы алшақтық жыл сайын азайып келе жатқанын атап өтті. 6 жыл бұрын бұл айырмашылық 19 еседен астам болды.

Айта кетейік, Ұлттық банк жариялаған деректерге сүйенсек, қазақстандықтардың 90%-ының жан басына шаққандағы табысы 151 мың теңгеден аспайды.

Сондай-ақ, бұдан бұрын елімізде 355 мыңнан астам бала кедейлік шегінде өмір сүріп жатқаны хабарланған.

 

Серіктес жаңалықтары