×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Алматыда электрші бағанада тірідей жанып кетті

13.10.2023, 09:33
көрнекі фото

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратты қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Түрксіб аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жағдай анықталып жатыр», – делінген хабарламада.

ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі – еңбекті қорғау қағидаларын бұзу, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет.

Алматы ТЖД баспасөз қызметі электршінің жеке компанияда жұмыс істегенін хабарлады.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ақтөбе ферроқорытпа зауытында электрмонтаждау жұмысын жүргізіп жатқан жұмысшы 9 метр биіктіктен құлап мерт болған.

 

Серіктес жаңалықтары