×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қазақстандықтардың азық-түлік шығыны өсті, бірақ ішіп-жемі азайды

13.10.2023, 15:12
фото: ашық дереккөзден

Бірінші кредиттік бюроның сарапшылары қазақстандықтардың азық-түлікке көп ақша жұмсай бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Биылғы тоғыз айда  бөлшек саудада 4,24 трлн теңгенің азық-түлігі сатылған. Бұл өткен жылғыдан 10,8% көп. 

"Бірақ бөлшек сауда желілері арқылы сатылатын азық-түлік тауарларының саны 6,4%-ға қысқарды. Ақшалай мәнде қаңтар-қыркүйек айларында азық-түліктің бөлшек саудасы инфляцияны есепке алмағанда, сирек жағдайларды қоспағанда, үнемі өсіп келеді. Ал сандық мәнде 3 жыл қатарынан төмендеді. Қазақстандықтар бір кездері көп ақша жұмсап, сәйкесінше тамақты да көп жейтін еді. Бірақ қазіргі жағдай басқа", - делінген басылымда.

Мамандар бөлшек саудада сатылған азық-түлік тауарлары санының төмендеуі 14 аймақта байқалғанын атап өтті.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, елімізде орташа жалақы өскенімен, бәрін инфляция “жеп қойды”.

Биыл ең жоғары орташа жалақы - 532,6 мың теңге Атырау облысында тіркелген. Ең төменгі орташа жалақы Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Бағаның өсуін ескергенде, ел бойынша 8 өңірдің көрсеткіштері кері кеткен, оның ішінде Астана да бар (-0,9%).

Ұлттық банк жариялаған деректерге сүйенсек, қазақстандықтардың 90%-ының жан басына шаққандағы табысы 151 мың теңгеден аспайды.

Сондай-ақ, бұдан бұрын елімізде 355 мыңнан астам бала кедейлік шегінде өмір сүріп жатқаны хабарланған.

Шенеуніктер келер жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшерінің 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге артуы нәтижесінде 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің ақшалай табысы ұлғаятынына сендіріп отыр.

Серіктес жаңалықтары