×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Еуропалық әуе компаниялары Қазақстанға жиі ұшатын болады

14.10.2023, 12:28
Фото: Ашық дереккөз

Еуропалық әуе компаниялары Қазақстан бағытына ұшатын рейстерін жиілетпек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақпарат Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиация әкімшілігі делегациясының Еуропалық комиссия, Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі (EASA) және Еуропалық Одаққа мүше елдердің авиациялық билік өкілдерімен Бельгиядағы кездесуінен кейін алынды.

Кездесуде тараптардың өкілдері ұшуды пайдалану бағыттары, ұшу жарамдылығы, әуе кемелерінің персоналын лицензиялау, сапа менеджменті жүйесі мен ұшу қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді талқылады. Еуропалық комиссияның Авиациялық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Питер Бомбей қазақстандық авиация билігінің бұрын анықталған мәселелерді шешудегі және авиациялық қауіпсіздік саласындағы ұсыныстарды орындаудағы талпынысына оң баға берді.

Сондай-ақ, Еуропалық комиссия дирекциясының орынбасары Клаус Гелмен кездесуде Азаматтық авиация комитетінің өкілдері Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы әуе қатынасы туралы көлденең келісімнің жобасын талқылады. Тараптар осы келісімді келісу барысында қол жеткізілген ілгерілеушілікке тоқталып, оған қол қою бойынша жұмыстарды жалғастыруға келісті. Бұл қадам Еуропа мен Қазақстан арасындағы әуе қатынасының кеңеюіне ықпал етеді.

Серіктес жаңалықтары