×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Елімізде орташа зейнетақы мөлшері 51 теңгеге өсті

16.10.2023, 09:12
Елімізде орташа зейнетақы мөлшері 51 теңгеге өсті
Коллаж: Ulysmedia.kz

2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 988 теңгені құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Яғни, бір ай ішінде елдегі орташа зейнетақы 51 теңгеге өскен. Естеріңізде болса, 1 қыркүйекте жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 937 теңгені құраған еді.

“Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 477,6 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 760,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 717,5 млрд теңге қарастырылды”, – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 312  мың адам.

“2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандық кеншілердің 55 жаста зейнетке шығуы үшін қажетті шарттарды атаған.