×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Ақын Несіпбек Айтұлы өмірден өтті

16.10.2023, 10:56
фото: ашық дереккөзден

Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Несіпбек Айтұлы 73 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаламгер 1950 жылы Тарбағатай тауында дүниеге келген. 1974 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

1974-1984 жылдары "Балдырған" журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі, "Жалын" баспасында редактор болды. 

1984-1994 жж. Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші. 1995-1996 жж. «Ақын» қауымдастығының директоры, 1997-2001 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті.

2001 жылдан бастап Астана қаласына көшіп, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президенттік Мәдениет орталығында қызмет істеген.

Алғашқы кітабы 1974 жылы «Қозыкөш» деген атпен жарық көрді. «Жүректегі жаңғырықтар», «Әке туралы сыр», «Жаңбыр әні», «Түнделеп ұшқан тырналар», «Рухымның падишасы», «Мұқағали-Желтоқсан», «Бәйтерек», балаларға арналған «Балабақшаға барар жолда», «Желкілдеп өскен құрақтай», «Күміс күйме» («Серебряный сундучок»), «Қартаймайды күн неге?» атты кітаптары, Шығыстың ұлы шайыры Ә.Науаидың «Ескендір қорғаны», «Ләйлі-Мәжнүн» дастандарын тәржімалап, «Игорь жорығы туралы жыр», тағы басқа аударма кітаптары шыққан. Түріктің VІІ ғасырда өмір сүрген ұлы ақыны Жүніс Еміре, қытайдың көне дәуір ақыны Бо Цызюдың, француз ақыны ДЖ.Родаридың, сондай-ақ М.Исаковский, А.Барто, С.Михалков, С.Баруздин, В.Берестов, Т.Сыдықов, С.Жусуев өлеңдерін туған тілімізде сөйлеткен.

«Бәйтерек»(2003), «Көз жасым» таңдамалы (2006), «Бөрітостаған» (2007), «Ерлікке ескерткіш» (2008), «Сардар» (2008), «Құланойнақ» (2009), «Арқатірек» (2010), «Наурызбай» (2011), «Ту» (2012), «Сарайымнан шыққан сөз» (2014), «Дариға, дәурен» (2018) және тағы басқа кітаптары жарық көрді.

Серіктес жаңалықтары