×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Тоқаев Бейсембаевты Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрамынан шығарып тастады

16.10.2023, 11:21
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрамына өзгеріс енді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тоқаев қол қойған Жарлық бойынша комиссия құрамынан 11 адам шығып қалды.

«Аталған комиссияның құрамынан: М.М. Ахметжанов, А.О. Алауханов, М.С. Бәшімов, Ғ.Б. Бейсембаев, О.А. Бектенов, Д.Қ. Қыдырәлі, Д.Қ. Мыңбай, А.Р. Оралов, А.С. Платонов, А. Саин, М.Б. Тілеуберді шығарылсын», – делінген құжатта.

Комиссияның жаңа мүшелері:

  • Аида Балаева – Мәдениет және ақпарат министрі;
  • Ажар Ғиният – Денсаулық сақтау министрі;
  • Әлия Ехласова – ҚР Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, комиссия хатшысы;
  • Светлана Жақыпова – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
  • Асхат Жұмағали – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы;
  • Динара Зәкиева – Бала құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша);
  • Снежанна Имашева – ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша);
  • Мұрат Нұртілеу – Премьер-министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі;
  • Ержан Сәденов – Ішкі істер министрі.

Еске салайық, экс-сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді тамызда Қазақстанның Аустрия РеспубликасындағыТөтенше және Өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Ал бұрынғы ақпарат министрі Дархан Қыдырәлі Сенат депутаты болды.

Сондай-ақ, қыркүйектегі ауыс-түйістер кезіндде ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ахметжанов Ақмола облысының әкімі қызметіне ауысты.

Серіктес жаңалықтары