×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қазақстанда бір адам жылына қанша нан жейді

16.10.2023, 17:16
Қазақстанда бір адам жылына қанша нан жейді
фото: ашық дереккөзден

2022 жылы Қазақстанда 521 мың тоннадан астам нан өндірілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жалпы республика бойынша нан және ұннан жасалған кондитер өнімдерін шығарумен 2283 кәсіпорын айналысады.

Оның ішінде:

  • шағын – 291
  • орта – 57
  • ірі – 30
  • дара кәсіпкерлік – 1905.

“Тұтыну бойынша орташа есеппен жан басына шаққанда тоқсанына 7,2 кг бидай нанынан (І сұрып) келеді”, – делінген хабарламада. 

Яғни, Қазақстанда бір адам жылына орта есеппен 28,8 келі нан тұтынады деген сөз.

Айта кетейік, Қазақстанның 13 облысында ұн қымбаттады. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында ұн бағасының өсуі тіркелді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, қазақстандықтардың азық-түлік шығыны өскенімен,  ішіп-жемі азайды.  Биылғы тоғыз айда  бөлшек саудада 4,24 трлн теңгенің азық-түлігі сатылған. Бұл өткен жылғыдан 10,8% көп. Бірақ бөлшек сауда желілері арқылы сатылатын азық-түлік тауарларының саны 6,4%-ға қысқарды.