×
465.28
499.2
5.33
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
465.28
499.2
5.33

Қаңтар оқиғасы: ҰҚК қызметкерін өлтірді деп айыпталған тараздықтың үкімі өзгеріссіз қалды

16.10.2023, 18:01
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның Жоғарғы сотында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ҰҚК офицерін өлтірді деп айыпталған Тараз тұрғыны Ербол Жұмановқа қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жоғарғы сот 16 жылға сотталған Жұмановқа шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Айыпталушы өз кінәсін мойындамады. Сотта ол қолына қаруды офицердің өлімі тіркелгеннен кейін ғана алғанын айтты.

"Мен 16:00-де қару алдым, ал марқұм 15:18-де атылды. Мені түрмеге ешқандай негізсіз қамап отыр", - деді Жұманов.

Естеріңізге сала кетейік, 28 сәуірде Тараз қаласының тұрғыны Ербол Жұманов атыс қаруын заңсыз ұстады, оны ұрлады, билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық жасады деген айыппен 16 жылға сотталды. Жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды және оларға қатысты деп айыпталғандар Нұрахан Махатов алты жылға, Жақсылық Абдуллаев және Айбол Сағынтай бес жылға бас бостандығынан айырылды.

"Нақты бас бостандығынан айыруға сотталған үш адамның (Махатов, Абдуллаев және Сағынтай) ішінара кінәсін мойындауын, олардың жасаған істеріне өкінуін ескере отырып, апелляция олардың жағдайын жеңілдету және тағайындалған жазаларды ең төменгі шегіне дейін төмендету мүмкіндігі туралы қорытындыға келді. Оларға 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – делінген Жамбыл облыстық сотының хабарламасында.

Жұмановтың үкімі өзгеріссіз қалды.

Серіктес жаңалықтары