×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Биыл қазақстандық банктер қанша табыс тапты

17.10.2023, 08:02
фото: ашық дереккөзден

2023 жылдың басынан бастап Екінші деңгейдегі қазақстандық банктердің жиынтық пайдасы 1,42 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 76,8%-ға немесе 617,4 млрд теңгеге артық, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сарапшылар атап өткендей, осы жылдың сегіз айында банктердің қаржылық кірісі 2022 жылдың 12 айындағы көрсеткішпен теңесті.

Қазақстандық ірі банктердің ішінде өз капиталының пайдасын ұлғайту бойынша Отбасы банкі көш бастап тұр. Өсім 87,9% – 107,5 млрд теңгені құрады. Екінші орында – Jusan Bank.  Оның капиталы 44,5%-ға – 81,4 млрд теңгеге дейін өсті. Үшінші орынға Еуразиялық Банк жайғасты – өсім 44,2% – 78,6 млрд теңгеге дейін.

Бұдан бөлек, капиталды Kaspi Bank (38,3%), Halyk Bank (28,5%), Citibank (27,1%) және ForteBank (4,2%) ұлғайтты. Bereke Bank-ке келетін болсақ, 2023 жылдың басынан бері кіріс 17,2 млрд теңгені құрады, бұл ретте өткен жылы ЕДБ Сбербанк акционерлеріне тиесілі болғанын атап өткен жөн, сондықтан санкция мен иесінің ауысуына байланысты банктің шығыны 228,3 млрд теңгеге жетті.

Сондай-ақ, ЦентрКредит және Home Credit Bank банктерінің пайда көлемі 29,2%-ға және 41,3%-ға қысқарды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Дүниежүзілік банк мемлекет ұлттық банктерді қолдау үшін қанша трлн теңге жұмсағаны егжей-тегжейлі көрсетілген есеп жариялады.

Сарапшылардың есептеулері бойынша, 2009-2020 жылдар аралығында мемлекеттің ұлттық банктерге көмегі ЖІӨ-нің 9%-на жуығын құрады. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, 2020 жылғы таза шығындар салық төлеушілердің 6,3 трлн теңгесін немесе елдің ЖІӨ-нің 8,9%-ын құрады. Көмектің негізгі бөлігі – шамамен 67%-ы Halyk Bank-ке (немесе Қазкомды құтқару) бағытталса,  шамамен 24%-ы Jysan Bank-ке бөлінді.

Серіктес жаңалықтары