×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Семейліктер бүрсең қағып отыр: қаланың жартысына әлі жылу берілмеген

17.10.2023, 09:27
фото: ашық дереккөзден

Семей тұрғындары қаланың бір бөлігіне әлі күнге дейін жылу берілмегеніне шағымданды. Өткен түнде облыс орталығындағы температура +1 градусқа дейін төмендеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қала әкімдігінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жергілікті тұрғындар жылудың жоқтығы туралы наразы пікірлерді жарыса жазып жатыр.

Әкімдіктегілер қалада жылыту маусымы 10 қазаннан басталғанын, әуелі балабақшалар, мектептер, аурханалар және басқа да әлеуметтік нысандарға жылу берілгенін айтады.

“Жылу беру жүйесіне қосылу – бұл нақты алгоритмді қажет ететін техникалық процесс. Қысымның төмендеуін ескере отырып, тұрғын үйлерді жылуға қосу кезең-кезеңімен жүргізіледі”, – деп хабарлады қала билігі.

Сондай-ақ, қазандықтар штаттық режимде жұмыс істейтіні, барлық магистральдық құбырларды жылыту толыққанды жүргізілгені хабарланды. Әкімдік сол жағалаудағы тұрғын үйлердің жартысынан көбіне жылу берілгенін жеткізді. Бүгін қалған қалған үйлер жылыту жүйесіне қосылмақ.

"Жазда 45 км жылу құбырлары ауыстырылды. Бұл жұмыстар жылыту маусымын штаттық режимде өткізу үшін қажет болды, әйтпесе жылыту маусымының ортасында апаттық жағдайдың ықтималдығы жоғары болар еді. Бүгінде қалада жылу трассаларындағы апаттарды азайту үшін барлық жағдай жасалған", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Энергетика министрлігі ел қалаларына жылу беру кестесін жариялаған

Сондай-ақ, министрлік Қазақстанның 4 қаласында тұрғындарға жылу уақтылы берілмеуі мүмкін екенін ескертті.

Серіктес жаңалықтары