×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қаңтар оқиғасы: азапталған Азамат Батырбаевтың ісі сотқа жетті

17.10.2023, 17:02
Қаңтар оқиғасы: азапталған Азамат Батырбаевтың ісі сотқа жетті
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорғанда полицейлер Азамат Батырбаевтың арқасына үтік басқан. Оқиға үлкен резонансты сипатқа ие болған. Арада 1 жыл 9 ай өткеннен кейін ғана іс сотқа жетіп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Адвокат Жалғас Сапарханова азаптау ісі бойынша ең ауқымды және елімізде резонанс тудырған батыр Азамат Батырбаевтың арызы бойынша азаптау ісі сотқа жеткенін әлеуметтік желіде жазды. Ол азаптау істері дегенде ең бірінші еске өз қорғауындағы талдықорғандық қаңтаршы Азамат Батырбаевтың еске бірден түсетінін жазады.

– Ертең Талдықорған қалалық сотында Азекеңнің арызы негізінде қозғалған, тергелген азаптау ісі бойынша сот басталады. Қаңтар қырғыны кезінде ең бірінші болып азаптауды ашық жеткізген - Азамат Батырбаев болды. Азаптаған әрбір қызметкерлер өз жазасын заң бойынша алу керек! Қатаң жазалануы тиіс, – дейді ол.

Еске сала кетейік, Қаңтар оқиғасынан кейін Талдықорғанда тергеушілер денесіне ыстық үтік басып, азаптап-қинаған Азамат Батырбаевтың суреттері әлеуметтік желіде тарап, қоғамда резонанс тудырған еді. Азамат құқық қорғау қызметкерлерінің үстінен бірнеше рет шағым түсірген. Алайда осы күнге дейін іс сотқа жетпеген. Осы уақыт ішінде билік Азамат Батырбаевқа Қаңтарда "жаппай тәртіпсіздікке қатысты" деген айып тағып, жауапқа тартқан. Батырбаев "кінәсін мойындап", тергеумен процестік келісімге келген соң, Талдықорған қаласының соты оған 4,5 жыл шартты жаза кесіп, қамаудан босатқан.