×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Әлемдегі ең бай әйел: 100 миллиард долларды қалай тапты

08.01.2024, 12:32
Bernard Patrick/abaca/picture alliance

L'Oreal компаниясының тең иесі француз Франсуаза Беттанкур-Майерс әлемнің ең бай әйелі атанды. Оның байлығы 100 миллиард доллардан асты. Ол кім және мұндай қазынаға қалай қол жеткізді? Ulysmedia.kz тілшісі зерттеп көрді.

Өткен жылдың соңында Bloomberg агенттігінің рейтингісі көптен күткен ақпаратты растады. Франсуаза Бетанкур-Майерс байлығы 100 миллиард доллардан асқан әлемдегі алғашқы әйел ретінде тіркелді. Агенттік оны миллиардерлер тізімінің 13-ші қатарына қойды. Forbes-тің дәл сондай рейтингісінде француз әйелі 15-ші орынға тұрақтады.

L'Oreal сұлулық империясы және Бетанкур отбасы

Франсуаза Бетанкур-Майерс – L'Oreal парфюмерлік-косметикалық компаниясының негізін қалаушы Евгений Шюллердің немересі. Оның анасы Лилиан Бетанкур (Шюллердің қызы) 2017 жылы қайтыс болғанға дейін әлемдегі ең бай әйел болды. Ол Франсуазаға 40 миллиард доллар мұра қалдырып кетті. Басым бөлігі   – L'Oreal компаниясының акциялары. Бүгінде акциялардың 34,7% иелік етеді.

Франсуаза L'Oreal сұлулық империясын құрған және әлі де ішінара иеленетін отбасының үшінші буынына жатады. Компания қазір әлемдегі ең ірі косметика өндірушісі болып табылады. Lancome, Kieh's, Maybelline және Garnier сияқты танымал брендтерге ие.

Франсуаза Бетанкур-Майерс  L'Oreal директорлар кеңесінің вице-президенті қызметін атқарады. Оның құрамына 16 адам кіреді. Арасында оның екі ұлы да бар. Компанияда барлығы 85 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. Компанияның жылдық айналымы 38 миллиард долларға жетеді.

Бетанкур отбасының құпиясы

Франсуаза мен оның анасының қарым-қатынасы өте күрделі болды. Бұл бастапқыда екеуінің де әртүрлі саяси және әлеуметтік көзқарастарымен, мінездерімен түсіндірілді. Ол анасымен салыстырғанда ұстамдылығымен ерекшеленді. Ойын-сауықтан гөрі кітап оқып, фортепианода ойнауды артық көрді.

Нағыз жанжал 2007 жылы басталды. Франсуаза Бетанкур-Майерс сотқа жүгінуге мәжбүр болды. Себебі, бірқатар адамдар, соның ішінде анасының фотографы Лилиан Бетанкурдың психикалық денсаулығы мен әлсіздігін пайдаланып, 1 миллиард доллардан асатын қаржылық активтер мен басқа құнды заттарды иемденіп алды деп айыпталды. 

Іс бірнеше жылға созылды. Жанжал, тіпті, Францияда саяси сипатқа ие болды. Себебі, сотта тыңдау барысында бірқатар саясаткердің, соның ішінде Францияның экс-президенті Николя Саркозидің есімдері де аталды.

Жанжал Лилиан Бетанкурдың әрекетке қабілетсіз деп танылуымен аяқталды. Фотограф түрмеге тоғытылды. Ал Франсуаза Бетанкурт-Майерс пен оның үлкен ұлы  L'Oreal тең иесінің қамқоршысы болып тағайындалды. Бір қызығы, кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының пікірінше, жанжалдан кейінгі жылдары ана мен қыздың қарым-қатынасы жақсарған. Лилианның өзі қызының бүкіл отбасыны қаржылық күйреуден құтқарғанын мойындауға мәжбүр болды.

Содан бері Бетанкур-Майерс отбасының қаржылық ахуалын тек жоғары деңгейге көтерді. Компанияның акциялар бағамы үнемі өсіп келеді. Дәл осы өсу Франсуаза Бетанкур-Майерске жаңа жылға дейін 100 миллиард доллардан асатын активтері бар әлемдегі алғашқы әйел болуға мүмкіндік берді.

Серіктес жаңалықтары