×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қылмыс пен жаза: сот үкімі әділетті болды ма

14.05.2024, 15:20
Қылмыс пен жаза: сот үкімі әділетті болды ма
Коллаж: ulysmedia.kz.

Әйелін азаптады және аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылған экс-министр Қ.Бишімбаевтың соты аяқталды. Сот үкімі біреулердің үмітін ақтады, 24 жыл – ширек ғасыр аз уақыт емес, ал біреулері сот үкіміне көңілдері толмай қалды. Қатаң режимдегі колонияда 24 жыл отыру біреуге тым жеңіл жаза болып көрінсе, енді біреулер үшін әділетті деп танылған.

Қылмыстың өтеуі жаза дейміз, айыбы дәлелденген Бишімбаев лайықты жазасын алды ма? Ulysmedia.kz тілшісі белгілі заңгерлердің пікірін білді.

Джохар Өтебеков: Болжам 99,9 пайызға орындалды

–  Мен дәл осындай жазаны күткен едім», - дейді адвокат Джохар Өтебеков.

– Мен ол туралы барлық сұхбатымда, әлеуметтік желідегі жазбаларымда айттым.

Д.Өтебеков рас айтып отыр, оған интернет басылымдарда берген сұқбаттары куә.

3 мамырда Өтебековтің Facebook парақшасында мынадай жазба пайда болды: «...Бишімбаев лайықты жазадан құтылмайды. Оның жазасы 20 жылдан кем болмайды. 25 сияқты. Тіпті, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Байжанов 4 жылын алады».

13 мамырда сот үкімі жарияланғаннан кейін адвокат жаза мерзімі әділ болғанын айтты:

- Міне, менің болжамым толығымен орындалды! Бишімбаев 24 жылға, Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Мен барлық жазбаларымда және сұхбатымда Бишімбаев туралы айттым:

Олар оған 20 жылдан аз уақыт бермейді. Олар 25 жыл немесе осы кезеңге жақын уақыт береді.

Байжанов туралы болжамым, тіпті, дәл келді – 4 жыл бас бостандығынан айыру.

Виталий Воронов: Аппеляция көрсетеді

- Сот алқабилердің қатысуымен екі айыпталушыға да өздерін кінәлі деп тапқан баптардың санкциясы шегінде үкім шығарды», - деп өз бағасын берді белгілі құқық қорғаушы және заңгер Виталий Воронов.

- Бишімбаевқа 25 жыл жаза кесілуі тиіс-тұғын. Сот 24 жыл берді. Ал Байжанов 6 жылдың орнына 4 жыл алды. Сот жазаның бұл «қысқартылуын» кәмелетке толмаған балалардың болуы сияқты жеңілдететін мән-жайдың болуымен түсіндірді.

- Судья мен алқабилер неге мұндай үкім шығарды?» деген сұраққа жауапты, адвокаттың пікірінше, әрбір адамның кінәсі қандай дәрежеде болғанынан іздеу керек.

- Олар бір сотталушыны аса ауыр қылмыс жасағаны үшін, екіншісін осындай қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп тапты. Сонымен бірге, олар қалың бұқараның талабына қарамастан, Бишімбаевты өмір бойына бас бостандығынан айырудан бас тартты. Қоғам үшін, айыптаушылар, соның ішінде жәбірленушілер үшін бұл үкім өте әділ болып көрінуі мүмкін. Сотталғандар мен олардың қорғаушылары үшін, менің ойымша, әділетсіз болып көрінер. Сондықтан олар шағымданады.

Вороновтың айтуынша, апелляциялық сот квалификацияны өзгертіп, тағайындалған жазаның мөлшерін азайта алады. Ал апелляциядан кейін ғана үкім заңды күшіне енеді.

Мұрат Адам: Прокуратураның оғаш әрекеттері туралы

Қорытынды жасаған кезде прокурорлар әлсіздік танытты. Осыны көре тұра ызаға булықтым әрі прокуратураның әлсіз екеніне тағы бір рет көз жеткіздім, – дейді адвокат Мұрат Адам көңілі қалғанын жасырмай.

- Мемлекеттік айыптаушылар сот процесінде прокурорлардан Бишімбаевты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұраған көпшіліктің көзінше спектакль ойнады. Бірақ біздің прокуратура Бишімбаевқа ең жоғары жазаны сұрамағаны белгілі болды, прокурорлар Қуандық Бишімбаевқа жалпы 24 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Адвокат түсіндіргендей, сот Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, тағылған айып бойынша ғана үкім шығаруға мәжбүр. Сот қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ретінде Бишімбаев қылмысты жасаған кезде мас күйде болғанын негізге алды.

- Бірақ осы ауырлататын мән-жайға қарамастан, біздің прокуратура өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етуі керек еді! – дейді Мұрат Адам.

– Негізінде, прокурорлар өз дегеніне жетті. Менің ойымша, сот оны өмір бойына бас бостандығынан айыруы мүмкін еді. Бірақ сот жеңілдететін жағдайды – кәмелетке толмаған балалардың болуын ескерді. Ал ауырлататын мән-жай – соттылығының болуы, соған байланысты оның әрекеті қауіпті қайталану деп танылды және бұл дұрыс. Сондықтан мен келтірген факторларға сүйенсек, Бишімбаев үшін оның өмір бойына бас бостандығынан айырылу ықтималдығы өте жоғары болды. Бірақ біз қай елде тұрып жатқанымызды және сотқа деген халық сенімінің қандай екенін жақсы білеміз. Әуел баста-ақ бұл іс Жоғарғы Соттың бақылауында болғанына сенімдімін.

Алайда, Мұрат Адамның айтуынша, Бишімбаевқа өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмауының бір себебі – прокурорлар сот пен алқабилерге айыпталушы кісі өлтіруге ниеттенгенін дәлелдейтін фактілерді ұсына алмаған. 

Адвокаттың айтуынша, «хикая» апелляциялық сотта жалғасады.

- Мүмкін, прокуратура жазаның тым жеңіл болғанын айтып, апелляциялық шағым түсіруге бастамашы болуы мүмкін, дегенмен мемлекеттік айыптаушылар мұны өздері сұрап алды ғо, - дейді М.Адам.

Олег Чернов: Қатаң, бірақ әділ жаза

- Мен өз пікірлерімде бұл іс сот және құқық қорғау жүйесінің беделі үшін аса маңызды екенін бірнеше рет айттым, - деп атап өтті заңгер Олег Чернов.

- Менің ойымша, үкім қатаң, бірақ әділ болды. Бұл оқиғаның себебімен еліміздегі адам өмірі, оның денсаулығы туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

– Меніңше, зардап шеккен тарап өтініш жасайды. Бұл – стандартты жағдай. Апелляциялық шағым әрқашан жазаға қатысты үкімді өзгерту мүмкіндігін қалдырады және Бишімбаевтың үкімі өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы жазаға ауысуы мүмкін. Мұны уақыт көрсетеді.

Олег Чернов Бақытжан Байжановқа тағайындалған үкімді де әділетті деп санайды.

- Байжанов жазасын жеңілдететін мән-жайларды пайдалануына болар еді, бірақ ол мұны пайдаланбады, - деп есептейді адвокат.

– Әрине, бұл оның құқығы. Бәлкім, егер ол өз кінәсін мойындап, өкінетінін айтқанда, сотқа сол күнгі мән-жайды анықтауға көмектессе, менің ойымша, ол басқа жазаны, яғни өзіне тағайындалған жазадан жеңілірек жаза алар еді. Бұл менің пікірім, бірақ Байжанов өз әрекетін жеті рет өлшеп, бір рет кескен болар. Бұл – оның тағдыры.

Чернов соттың ашық өтуі және әлеуметтік желіде трансляциялануы алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.

– Бұл процеске қатысушылардың барлығын тәртіпке келтіріп, жалпы сот төрелігін жүзеге асыруға да, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысындағы құқық қорғау органдарының қызметіне де оң әсерін тигізетініне сенімдімін, - дейді Чернов.

Лариса Чен