×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Ақтаудағы өртке оранған «жер үстіндегі жұмақты» кім салған?

Фото: құрылыс компаниясы сайтынан

Ақтау қаласында салынғанына көп болмаған, көзді ашып-жұмғанша қызыл жалын шарпыған «Florence» тұрғын үй кешенін салған құрылыс компаниясы аталған нысанды «жер үстіндегі жұмақ» деп таныстырады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«FLORENCE» таңдаулы санатты ТҮК - жер үстіндегі жұмақ және оны бізде сатып алуға болады», – делінген компания сайтында.

Аталған элиталық саналатын кешенді өздерін Қазақстанның батыс өңірлеріндегі жылжымайтын мүлік нарығы көшбасшысы деп таныстыратын К7 GROUP құрылыс компаниясы салғаны мәлім болып отыр.

Сәнді, жайлы әрі үлкен көлемді пәтерлері бар таңдаулы кешен деп сипатталған жобаның 16 қабаттан тұратыны, 2 консъержі бары, лифт паркингтен 16 қабатқа дейін жұмыс істейтіні, қалалық жылыту мен балаларға арналған ойын алаңы қарастырылғаны жазылған. Ал өртке оранған шатыры «жұмсақ иілгіш материалдан» төселгені келтірілген.

«Қаншама халықтың ақшасы далаға кетті, қымбат үй, жөндеу жасағандары бар еді. Ең болмаса сыртын жанбайтын материалмен қаптаса ғой, ұшқын от жан-жаққа ұшып, түскен жері өртенуде», – деп пікір қалдырды желі қолданушысы оқиға орнынан жүргізілген тікелей эфир астына. Эфирді жүргізген Айсұлу Дүтбаева есімді Facebook қолданушысы компания иелерінің Дубайда тұратынын айтып қалды.

Жылжымайтын мүлік сату сайтында тиісті тұрғын үй кешеніндегі 1-2 бөлмелі пәтерлердің орташа құны 25 миллион теңгені төңіректейтіні байқалады.

Серіктес жаңалықтары