×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ұжымдық жауапсыздық немесе шенеуніктер Маралдыдағы залалды құрылысқа қалай жол берді

04.07.2023, 10:11
Коллаж: Ulysmedia.kz

Күні кеше Шығыс Қазақстанның Маралды ауылының тұрғындары Астанаға келіп, 2 жылдан бері дауға айналған алтын фабрикасының мәселесін түпкілікті шешу үшін индустрия министрімен кездесті. Маралдылықтармен бірге Ulysmedia.kz тілшісі де министрдің уәжін тыңдап қайтты.

Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысының Маралды ауылында кәсіпкерлер жергілікті халықтың пікірімен санаспай алтын өндіретін фабрика құрылысына кіріскен. Тұрғындар кәсіпорынның өзенге жақын орналасатынына наразылық білдіріп, ауыл экологиясын ойрандайтын фабриканың ашылуына жол бермеу үшін бармаған жерлері, қақпаған есіктері қалмаған. Өз өңірлерінде әділдікке қол жеткізе алмаған олар Астанаға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевпен бетпе-бет кездесіп, құрылысты неге тоқтату керектігін түсіндірді.

Ұжымдық жауапсыздық

Ресми түрде қазір Маралдыда құрылыс емес, барлау жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындар кәсіпкерлер, атап айтқанда ВСАМ ПРОДАКШН компаниясы келісімшартты заңсыз алды деп санайды. Дәлел ретінде олар сол кезде индустрия вице-министрі Тимур Тоқтабаев болғанын, ол кен орындарын кәсіпкерлерге заңсыз берді деген күдікпен ұсталғанын алға тартады. Жергілікті атқарушы орган, маралдықтардың ақпараты бойынша, учаскенің нысаналы мақсатын өзгерте отырып, өз «үлесін» қосты.

Зүлфия Сүлейменова бастаған экология министрлігі де сынның астында қалды, өйткені бұл ведомство да ауыл тұрғындары жалған деп санайтын қоғамдық тыңдаулардың нәтижелері бойынша құрылысқа рұқсат берген.

Ауыл тұрғыны Гүлгүл тыңдаулар расында да өткенін айтты, бірақ олардың нәтижесі "жоғарыда" ешкімді қызықтыра қоймаған.

– Қоғамдық тыңдау ережелері тұрғындардың міндетті дауыс беруін көздемейді. Мен Қызыл кітаптағы өсімдіктер туралы сұрақ қойдым. Сондай-ақ, жел тармақтары жайлы сұрадым, өйткені жел зауыттан ауылға қарай соғады, өйткені ол биік жерде, ал ауыл төменде, - дейді тұрғын.

Белсенді экологтарды жауапкершілікке тарту керек деп есептейді.

– Жобалық құжаттар бар, онда Қызыл кітап өсімдіктері бар деп жазылған, ҚОӘБ ситуациялық картасы шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар, бізге фактілерді беріңдер дейді. Сонда экологтар не істейді? Олар құжаттарды оқымайды, оқиға орнына бармайды. Бұл ведомство не үшін қажет сонда?", - деді әйел.

Сондай-ақ, белсенді тыңдауға келген адамдардың саны да маңызды емесін айтты. Тыңдауға 2-3 адам келсе де, ол өткізілді деп есептеледі. Ол мұндай іс-шараларға ауыл тұрғындарының кем дегенде 20% қатысуы керек деген пікірде.

Қарабаевпен кездесу

Министр Қарабаевпен кездесуге маралдылықтар таңғы 9-да шақырылды. Бірақ алыс жолдан келген кісілерге шендіні ұзақ күтуге тура келетіні ескертілмеген.

Қарабаев ауыл тұрғындарын 12:30-ға дейін күттірді. Белгісіз себептермен, ол Маралдықтар мыңдаған шақырым жол жүріп келгендерін о бастан айтқанымен, министр оларды Астана тұрғындары деп қабылдады. ИИДМ өзінің пресс-релизінде де ауыл тұрғындарын "Маралды ауылы тұрғындарының атынан келген астаналықтар" деп атады.

Кездесуда министр "шуды" тұрғындар емес, халық арасында "черные копатели" деп аталпы кеткен көлдеңе көк аттылар көтеріп отыр деген болжамын айтты.

– Неліктен Ұлттық қауіпсіздік қызметі, Ішкі істер министрлігі болсын деп тұрғанымды түсіндірейін. Біржақты қарамау керек. Кейбір кен орында «черные копатели» деген бар, олар кәсіпкер кетсін деп шу шығарады да, артынан өздері іске кіріседі. Кез келген нәрсе заң шеңберінде болуы керек, - деді министр.

Осы орайда маралдылықтар Қарабаевтан бүгінгі күнге дейін сондай адамдардың ұсталған-ұсталмағаны жайлы сұрады.

– Ұсталған-ұсталмағаны – екінші мәселе. Ұсталмаса, заң бұзбады деген сөз емес қой. Бұған дейін «черные старатели» дейтіндер қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын. Енді қылмыстық жауапкершілік енгізілді.  Заңнамадағы «Күзетілетін нысанға заңсыз ену» бабы бойынша жазаны күшейту көзделіп отыр, - деп жауап берді Қарабаев.

Десе де, министрлікке келген тұрғындардың бірі министрді мәселені бұрмалап, проблемадан қашып отырсыз деп айыптады. ИИДМ басшысы бұл мәселемен арнайы комиссия айналысатынына, ал мүдделі мемлекеттік органдар Маралдыға баратынына уәде берді.

Министрдің айтары көп емес еді – ол өзінің маңызды мемлекеттік істері бойынша асығыс кетіп қалды. Ал тұрғындармен әңгімені ШҚО әкімінің орынбасары Дархан Сапанов, Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышев және жер қойнауын пайдалану комитетінің жалғастырды. Олар да маралдылықтардың өз ауылдарында барлау жұмыстары емес, фабрика құрылысы жүріп жатқаны жайлы сөздеріне сене қоймады. Десе де, қайтадан қоғамдық тыңдаулар өткізіп, көпшіліктің пікірімен санасатындарын жеткізді.

– Алдында ауылдарыңызға барып тұрып айтқанмын. Тағы да қайталап айтайын. Аудан әкімі жер учаскесін беру туралы шешімін қайтарып алды, фабриканы салуға берілген рұқсат қағаздарының күші жойылды. Фабрика салынбайды. Осыны ауылдастарыңызға жеткізіңдер. Егер ол жерде әрі қарай жұмыс жүргізіліп жатқаны жайлы фактілер болса, бізге хабар беріңіз. Тиісті органдарды жіберіп, заң аясында шара қолданатын боламыз, - деді Сапанов.

Маралдылықтар қайта тыңдау өткізу туралы шешімге қанағаттанды, бірақ олардың айтуынша, олар индустрия министрлігіне сенбейді.

–  Қарабаев біздің сұрақтарымызға жауап беруге дайын болған жоқ. Олар бізге әрдайым "қара қазушылар" туралы айтады. Олар алтынды өзіміз қазып, өзіміз наразылық тудырып жатқанымызды көрсеткісі келеді. Біз өз аумағымыздың қорық болғанын қалаймыз. Сіздер оның бізді маралдылықтар емес деп атағанын көрдіңіздер", - деп қорытындылады ауыл тұрғындары.

Ulysmedia редакциясы Маралдыдағы алтын дауының әрі қарай қалай өрбитінін бақылауда ұстайтын болады.

 

Серіктес жаңалықтары