×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қошанов мақалшыл вице-министрге: Сізге сұрақ қойса, баяндама оқып кеттіңіз

08.11.2023, 09:47
Коллаж: ulysmedia.kz.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов денсаулық сақтау вице-министріне ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжілістің бүгінгі отырысында депутат Еркебұлан Мәмбетов Денсаулық сақтау министрлігіне заң жобасында халық денсаулығы туралы кодекске енгізілетін түзетулердің мән-жайын сұрады.

– Біз халықтың өмірі мен денсаулығына қауіпті қатердің көбеюіне алып келетін санитариялық талаптардың бұзушылықтарына қатысты шағымдарын жиі байқап жүрміз. Сапасыз өнімдер, улану жағдайлары бар. Санитарлық талаптарды осындай нақты бұзушылыұтар анықталған жағдайда кәсіпкерлерге қандай шаралар қолданылады, – деп сұрады депутат.

Бұл сұраққа жауап берген Жандос Бүркітбаев «дәрігерлердің арасында «не невреди» деген мақал барын» айтады.

– Осыған қарай, әрине, қазіргі заңнамада әкімшілік және қылмыстық жаза бар. Олар бәрі өзгеріссіөз қалады. Сонымен қатар, бүгін қарап отырған заң жобасында жедел әрекет ету шаралары деген жаңа бақылау түрі көрсетілген. Осы шаралар өзіңіз айтқандай, сапасыз өнімді және улану жағдайларында жедел шешім қабылданады. Сонымен қатар, түпкі сатып алу деген бақылау көзделген. Ол сәйкес, келмейтін өнімді халыққа жеткізуге мүмкіндік бермейді, - деп сөзін жалғастырып жатқан.

Осы кезде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов «сізге сұрақ қойылды, сіз баяндама оқып кеттіңіз» деп вице-министрге жазбаша жауап беруді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары