×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Стюардессадан бизнесвуменге дейін: Назарбаевтың «екінші әйелі» жайлы не белгілі

16.11.2023, 13:16
Нурсултан и Сара Назарбаевы, Гульнара Ракишева, Асель Курманбаева

«Азаттық» басылымының журналистері Рахат Әлиев пен Виктор Храпуновтың мәліметтеріне сүйене отырып, Назарбаевтың «екінші әйелі» саналатын Гүлнара Рақышева туралы ақпарат жинап жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бейресми мәліметтер дерегінше, Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үш әйелі бар. Тұңғыш президенттің ресми жұбайы – Сара Назарбаева және оның үшінші «бейресми әйелі» Әсел Құрманбаева туралы ақпарат ғаламторда шарлап жүрсе, ал онда Гүлнара Рақышева туралы мәлімет жоқтың қасы.

Өмірбаянынан фактілер

Журналистер анықтағандай, Гүлнара Рақышева 1970 жылы 2 наурызда әкесі Ораз Рақышев әскери қызмет өткерген Мәскеу маңындағы Тула қаласында дүниеге келген. 1981-1986 жылдары Венгрияның Мор қаласында Оңтүстік Қарулы күштер тобындағы N70 мектепте оқыған. Онда әкесі Ораз Ракишев әскери салада ұзақ уақыт қызмет еткен. Айтпақшы, қызының ғана емес, әкесінің де бағы жанып, қызметі аяқ асты өскен. «Өкіл қайын ата» кітабында оның Семей әскери гарнизонында шаруашылыққа жауап беріп, тыныш қана жұмыс істеп жүргені, күтпеген жерден егде тартқан полковник қорғаныс министрінің тылды қамтасыз ету бойынша орынбасары лауазымына бірден көтерілгені жазылған.

Қазіргі уақытта Гүлнара Рақышева Алматыда да, Астанада да тұрады.

Табысты бизнесвумен

Басылымның хабарлауынша, Гүлнара Оразқызы Рақышева - Алматыдағы Төле би көшесі, 40 мекенжайында тіркелген «Фирма Шарм» компаниясының иесі. 1998 жылы құрылған компания жылжымайтын мүлікті жалға беру, шаштараз қызметтері саласында жұмыс істейді. Statsnet  дерек базасының мәліметіне сай «Фирма Шарм» жыл сайынғы ақша айналымы шамамен 100 миллион теңгені құрайды.

Алматы мен Астанадағы Sergio Group шетелдік бренд жиһаз және ыдыс-аяқ сататын дүкені кәсіпкерге қомақты ақша әкеліп отыр. Компанияның жылдық табысы – 4-6 миллиард теңге. Компанияны бұрын Президент жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтында жұмыс істеген Сергей Рыжаков құрды. 2010 жылы оның екінші құрылтайшысы Гүлнара Рақышева болды.

Экс-президенттің "екінші әйелі" - "Мой сервис" деген тағы бір компанияда құрылтайшы. Алайда бұл серіктестік кейінгі жылдары мүлде салық төлемеген.

Сондай-ақ, Рақышева "Барыс" қайырымдылық қорына иелік етеді. Қор өз қызметі туралы ақпаратты жарияламайды. Басында қордың құрылтайшысы Руслан Радмирович Рақышев болды. Басылым бұл Гүлнараның ағасы Радмир Рақышевтың ұлы болуы мүмкін деп жазады.

2010 жылы Гүлнара Рақышева "Бұқтырма цемент компаниясы" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі болған

Гүлнара Рақышеваның туысы Нұрсұлтан Назарбаев пен әпкесінің байланысы жайлы не дейді?

Гүлнара Рақышеваның ағасы Радмир Рақышев, қорғаныс саласында маман болып жұмыс істейді. Оның әпкесі мен экс-президенттің қарым-қатынасы туралы әңгімені Рахат Әлиев пен Виктор Храпуновтың шығарған өтірігі  деп атады.

"Сіз мұндай ақпаратты қайдан алдыңыз?! Бос сөз",  – деді ол.

Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды. Оның ресми өмірбаянында Қазақстанның экс-президенті Сара Назарбаеваға үйленгені, онымен бірге үш қыз тәрбиелегені айтылады. Бірақ ол сұхбаттарында жұрт айтып жүрген басқа әйелдері мен балалары туралы жақ ашпады.

 

Серіктес жаңалықтары