×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ақмола облысының құрылыс алаңында жұмысшы қаза тапты

21.11.2023, 09:45
Yvision

18 қарашада Ақмола облысы Аршалы ауданындағы құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қайғылы оқиға орын алды. Биіктіктен құлаған 57 жастағы жұмысшы мерт болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық полиция департаменті хабарлауынша, Астана тұрғыны биіктіктен құлаған.

– Ер адам салынып жатқан учаскеде жұмыс істеу кезінде төрт метр биіктіктегі тірек бөлігі опырылып құлаған, – делінген  хабарламада.

Полиция "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сондай-ақ, мемлекеттік еңбек инспекторы тексеруді бастады.

Бұдан бұрын  Астанадағы ТК құрылыс алаңында 15-қабаттан құлаған екі жұмысшы қаза тапқаны туралы хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары