×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Дені сау адамға жеңілдетілген ипотека қажет емес – Шарлапаев

22.11.2023, 11:30

Қазақстандық министрлер өз азаматтарына қатысты мемлекеттің ұстанымын ашық көрсете бастады. Депутат Дәулет Мұқаев өнеркәсіп министрі Қанат Шарлапаевқа "Бүгінде жас отбасы тұрғын үй құнының 50% -ын бір өзі жинай ала ма?» деген сауал тастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Мәжілісмен бүгінде қазақстандықтар еліміздегі бағалар мен ипотекалық бағдарламалар бойынша баспана ала алмайтынын сөз етті.

Шарлапаевтың айтуынша, дені сау адам мен еңбекке қабілетті қазақстандық мемлекетке үміт артпай, жұмыс істеп, ақша жинауы тиіс. Ал жеңілдетілген ипотека халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған.

– Егер пәтерлерде тұратын жас әрі дені сау адамдарды сол асыраушысы жоқ жетім балалармен, баласының мүгедектігі бар отбасылармен салыстыратын болсақ, онда мемлекет жұмыс істеуге және ақша табуға қабілеті жоқ әлеуметтік осал топтағы адамдарға басымдық беруі керек деп санаймын. Осы тұрғыдан қарағанда, егер бағдарлама бар болса және оның жасына байланысты шектеулер болса, өкінішке қарай, бұл адамдар өздерін баспанамен қамтамасыз етуі керек. Басымдық жағдайы нашар жандарға берілуі керек, – деп жауап берді Шарлапаев.

Қысқасы, статистикаға сүйенсек, дені сау адамға жеңілдетілген ипотеканың ауылы алыс. 254 мың әлеуметтік осал топтағы қазақстандықтардың тек 3,2 мыңы ғана жеңілдетілген ипотека алған.

Айта кетейік, бүгін мәжілісте тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заң жобасын қарастыру барысында депутат Елнұр Бейсенбаев та тұрғын үй кезегінде тұрғандардың мәселесін көтеріп, Қанат Шарлапаевты сынға алған еді.

Депутаттың сөзінше, екі жылдан бері кезекте тұрған адамдардың саны азаймақ түгілі 200 мың адамға көбейген. Мұндай тенденция кете берсе Бейсенбаев кезекте тұрғандар саны 1 млн адамға көбейетінін айтады. Ал Қазақстанда бүгінгі таңда бірде-бір ипотекалық бағдарлама жоқ. Заңнама жақсартылғанымен, депутаттың сөзінше, қазіргі әдіспен баспана кезегін азайту мүмкін емес.

 

Серіктес жаңалықтары