×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Ақтауда жағалаудағы иттерді атқан кәсіпкер наразы топқа жауап берді

26.11.2023, 14:50
Фото: Ulysmedia.kz

Ақтаулықтардың жануарларды атуға қатысты наразылығына Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, оларды уақытша баспанамен қамтамасыз ету, сәйкестендіру, зарарсыздандыру және вакцинациялаумен айналысатын «Редмая» жеке кәсіпкері пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін «Үміт Маңғыстау» қоғамдық қоры әлеуметтік желіде Ақтаудағы 14-шағын ауданның жағалауында атылған қаңғыбас иттердің суретін жариялаған болатын. Кадрлардан жануарлардың арасында чипі бар, яғни зарарсыздандырылған иттер де байқалады.

«Көптеген өлекселер, соның ішінде «Үміт Маңғыстау» қорының иті де бар. Оны емдеу және зарарсыздандыру мүдделі азаматтардың жарналары есебінен жүргізілді. Жануарларды күндіз атуға қандай құқығы және қандай заңды негізі бар? Неліктен Редмая жеке кәсіпкерлігі өкілі соншалықты агрессивті? Иттерді қайда алып кетті? Сұрақ көп! Жауап жоқ!» – деді қор өкілі.

Жеке кәсіпкер Редмая сол күні полициядан иттің жағалауда қарт адамды тістеп алғаны туралы қоңырау түскенін айтты.

«Біздің топ оқиға орнына барып, барлық қаңғыбас иттерді ұстады, содан кейін Роматар және Ксилазал препараттарын енгізді. Жануарларды базаға жеткізіп, бақылау және сәйкестендіру үшін көлікке тиеу кезінде бұл препараттар қажетті әсер етпеген иттердің бір бөлігі көліктен секіріп түсіп, базадан қашып кеткен. Ұсталған жануарлардың қалған бөлігі дозаның әсерінен ұйықтап қалған», — деп түсіндірді «Редмая» кәсіпкерлігі.

«Үміт Маңғыстау» қорының наразылығына түсініктеме берген компания осы айда қаңғыбас иттер шабуылдаған үш азаматтың хабарласқанын мәлімдеді. Олардың үй жануарлары да зардап шеккен. Сонымен қатар, оларға қаңғыбас жануарларден қорыққан 100-ден астам тұрғыннан шағым түскен.

«Бұған дейін «Үміт Маңғыстау» қоры мен «Шанс» қорының директорына 19 өтініш жолданып, иттердің шабуылы мен оның салдары туралы бірнеше рет ескертілген болатын. Олар тарапынан ешқандай шара қолданылған жоқ», - деп атап өтті ит аулаушы компания.

Компанияда қаңғыбас иттердің кесірінен адамдардың дене жарақаттары туралы фотолар мен видеолар бар. Жеке кәсіпкер Редмая жұмыстың жүйелі жүргізіліп жатқанына сендірді, өйткені иттердің өздері қауіп төндірген.

Серіктес жаңалықтары