×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Министр Саденов есірткі тарататын «закладчиктерге» жазаны жеңілдетуді сұрады

11.12.2023, 09:32
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың айтуынша, егер есірткі таратушылар қылмысты бірінші рет жасаса және тергеумен белсенді жұмыс істесе, жауапкершіліктен босатуға болады. Алайда бұл түзетуді мәжіліс депутаттары мақұлдауы керек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс қабырғасында ішкі істер министрі Ержан Саденов есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, қоғамда есірткі жасырушыларға (закладчик) жазаның тым қатаң екені туралы мәселе көтеріліп жатыр. 

«Бұл жастар мен жасөспірімдерді осы салаға белсенді тартумен байланысты. Шынымен, есірткті өткізушілердің портреті бүгінгі күні өзгерді. Оларға интернетті белсенді пайдалану үйреншікті жағдай», - дейді ол.

Саденовтің сөзінше, жастар есірткі таратушылардың қатарына олар жеңіл табысты көздеп, төмен құқықтық сауаттылық, мәдени және әлеуметтік жауапкершілігінің төмендігі салдарынан түседі. Бүгінгі таңда кәмелетке толмаған 6 бала сотталған. Тағы 26 жасөспірім жауапкершілікке тартылған.

«Мұнда да біз келесі түзетулерді әзірледік: егер қылмыс бірінші рет жасалса, сондай-ақ кінәлі тергеу органдарымен белсенді жұмыс істесе, есірткі өткізушілерді жауапкершіліктен босату мүмкіндігі қарастырылады. Мүмкіндікті пайдалана отырып, қолданыстағы заң жобасы аясында осы ұсынысты қарастыруды сұраймын», - дейді Саденов.

Еске сала кетейік, бұған дейін прокурорлар республика өңірлерінде оқушылармен және студенттермен кездесу барысында Қазақстанда нашақорлар саны 150 мыңға жеткенін мәлім еткен еді.

Серіктес жаңалықтары