×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Тақтан түскен тақсырлар немесе 2023 жыл кімге құт, кімге жұт болды?

25.12.2023, 17:05
коллаж ulysmedia.kz

Әрбір елдің министрлер кабинеті белгілі уақыттан кейін ротацияланып отыратыны жасырын емес. Осындай өзгерістер Қазақстанда да болып тұрады. Биыл үкіметтегі министрлердің төрттен бірі ауысты. Ulysmedia.kz кім, қайда және не үшін кеткенін еске түсіруді жөн көрді.

Орын саны шектеулі

Осыдан екі жыл бұрын, 2022 жылдың қаңтарында Тоқаев:

   - «Мен кадрларды қысқартуға қарсымын. Сөйтіп, жұртшылықтың талабы бойынша билікті 100 пайыз өзгертіп, міне, мен бәрін төңкеріп тастадым деу менің әдісім емес».

Шынында,  анау айтқандай өзгеріс болған жоқ, ал президент құрамада қосалқы ойыншылар аз екенін мойындады.

Қаңтар айының басында Премьер-министр Әлихан Смайылов басқаратын жаңа үкімет бекітілді. Министрлер кабинетіне бес жаңа есім қосылды, қалған жоғары лауазымды шенеуніктер өз қызметтерін сақтап қалды.

Бұл тағайындауларға әртүрлі көзқараспен қарауға болады және бұл жерде Қазақстан Президентінің мына сөздерін еске түсірген жөн сияқты:

– Әрине, көрінген көк аттыны тағайындауға болады. Тарихта мұндай сәттер болған. Бірақ бұл қиын. ... Біз кадрға мұқият қарауымыз керек. Бұл оларды сақтап қалу керек дегенді білдірмейді. Болашақта өзгерістер болады, бірақ жеті рет өлшеп, бір рет кескен дұрыс.

Бұған жүйе кінәлі ме?

Алдымен, Жамбыл облысына әкім ретінде Ауыл шаруашылығы министрі болып қайта тағайындалған Ербол Қарашүкеев жіберілді. Министр болған Ербол Шырақпайұлы салаға қатысты бірқатар келеңсіздікпен есте қалды.

Ең атышулысы – президент қант тапшылығын масқара деп атады. Айтпақшы, Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов та қант дағдарысына жол бергені үшін сөгіс алды, бірақ бұл қазір кімнің есінде дейсің? Қант дағдарысы үшін Сұлтановпен бірге Қарашүкеев те сөгіс алған сол кезде.

Қостанай облысында күн көзін жапқан шегірткелердің қалың бұлты түсіп қалған видео да қоғамда қызу талқыланды. Осы туралы сұраққа жас министр сол кезде ашулы түрде "мұндай ештеңе болмағанын" айтып, көзді бақырайтып қойып, өтірік айтқан еді.

   - Біз барлық қажетті жұмысты уақытында аяқтадық. Бұл жерде жалаң айып тағудың қажеті жоқ шығар. «Біз бұл жағдайға тез әрекет еттік», - деп ақталды министр.

Сондай-ақ оған Даниал Ахметовтың қызының Павлодар облысында субсидияны заңды түрде алған-алмағанын да түсіндіруі керек болды. Қарашүкеевтің айтуынша, «ГосАгро» жүйесі тіркелген пайдаланушыларды объективті бағалайды.

– Бізде ГосАгро жүйесінде 51 мың жеке кәсіпкер тіркелген, олардың барлығы тауар өндіруші. Өздерінің жерлерін, малының барын көрсетеді, ешкім: «Әкең кім, шешең кім» деп сұрамайды, – деген еді  ызалана жауап берген Қарашүкеев.

Қазір Қарашүкеев Жамбыл облысын басқарады. Бір қызығы, ол тиісті саланың әрекетсіздігінен қатты зардап шеккен өңірге әкім болып тағайындалды. Жергiлiктi шаруалар оның министр кезiнде жіберген қателіктеріне (суармалы судың дефициті. - Ред.) Экология министрі болған әріптесі Зульфия Сүлейменова да кінәлі деп санайды. Бұйырса, келер жылы бұл аймақтың егіс алқаптары жайқалып, бұрын-соңды болмаған егін орағы науқанымен қуантады деп сенейік.

Қаладан далаға

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың орнына оның орынбасары Ержан Сәденов тағайындалды. Марат Мұратұлының өзі Ақмола облысына әкім болып кетті. Көзін ашқалы күштік құрылымда келе жатқан адамның мүлде басқа саланы таңдағаны көпшіліктің таңданысын туғызды. Десек те бұл, Қорғаныс министрі Р.Жақсылықов айтқандай, өмір деген  жизнь емес пе?

Мұның жауабын брифингте білгіміз келген, бірақ Ақмола облысының су жаңа әкімі сценарийден тыс сұрақтарға жауап беруге дайын болмаған сияқты, микрофонға Ulysmedia.kz журналисінің кезегі келген бойда әкім эфирден шығып кетті.

Оның неге қашқанын білетін сияқтымыз, біздің ойымызша, бұл тағайындау оның өзіне де ұнамайды, әйткенмен оны ашық айта да алмайды.

Ал брифингте қойғымыз келген сауал мүлде басқа. Біз сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін абақтыға қамалмай, тек орнынан қуылған Егіндікөл ауданы әкімі аппаратының басшысына неліктен осыншама кеңпейілділік танытқанын білгіміз келді. Сондай-ақ, Ахметжанов мырзаның аудандардағы ұрғындармен кездесуінде өзінің бұрынғы Ішкі істер министрі болғанын неге үнемі айта беретінін білгіміз келген.

Жақында Ахметжанов әкім ретінде алғаш рет сыналды. Степногорскіде (Ақмола облысы. - Ред), яғни оның жауапкершілігіндегі аймақта жылу орталығының қазандығы жарылып, жүзге жуық үй жылусыз қалды. Марат Ахметжанов төтенше жағдайға болған қалаға барып, қалпына келтіру жұмыстарын өзі қадағалап, әкімдіктегі мобилографтар оның басқан әр қадамын видеоға түсіріп отырды. Алайда олар Степногор қаласының қысқа неге соншалықты нашар дайындалғанын сұраған жоқ (Қайдан сұрасын?  - Ред).

Аң терісіне "аллергиясы" бар министр

Биыл экология саласына жауапты ведомствоға Серікқали Брекешевтің орнына Зүлфия Сүлейменова келді. Ол қайта құрылған Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы болып тағайындалды. Кейін белгілі болғандай, осы тағайындау алдында Брекешев Президент әкімшілігі аппаратына өзінің орынбасары Сүлейменованы жұмыстан босату туралы ұсыныспен шыққан. Алайда, бәрі керісінше болып шықты - Сүлейменова бұрынғы басшысының орнына отырды. Одан кейін журналистер Зульфия Сүлейменованы бұрынғы бастығының жұмыстан шығармақ болғаны рас па деп сұрады.

– Ол мені босату туралы ұсыныс жіберді (Ақордаға), иә, солай болды. Тек белгілі бір себептермен бұл оқиғаның екінші бөлігін ақпарат таратушылар үнсіз қалдырды», - деп жауап берді министр.

Бірақ Зүлфия Болатқызы жоғары қызметте бірнеше ай ғана отырды, Абай ауданында 15 адамның өмірін қиған ауқымды өрттен кейін "күйіп" кетті. Бұл оның отставкаға кетуіне түрткі болды, бірақ бұл ұзаққа созылмады. Мемлекет басшысының өкімімен Сүлейменов Зүлфия Президенттің кеңесшісі – оның халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі болып тағайындалды.

Шығыс Қазақстан облысы Маралды ауылындағы келеңсіздіктен кейін Зульфия Сүлейменованың биліктен қалай алшақтағанын айттық. Министр ханым бұл мәселеге жергілікті әкімдік пен Индустрия министрлігі жауапты екенін айтты. Естеріңізге сала кетейік, Маралды тұрғындары екі жылдан астам уақыт бойы өздерінің табиғи қорын қорғауға тырысып, митингілер өткізіп, арыз-шағымдар мен өтініштер жазып жүргенімен, алтын өндіретін фабрика салу мәселесі әлі күнге дейін күн тәртібінен түспей тұр.

Абай облысында қайғылы оқиға болған күндері әлеуметтік желіде Тоқаев пен қаза тапқан орманшылардың туыстары ортасында Сүлейменованың жылап отырған видеосы тарап кетті.

  «Мен көз жасын әлсіздік деп санамаймын, мен де ет пен сүйектен жаралған адаммын және қайғы жамылған отбасыларға шынайы түрде көңіл айтамын», - деді Сүлейменова  БАҚ өкілдеріне берген жауабында.

            Міне, Зүлфия Болатқызы қазақстандықтардың есінде ет жемейтін, хайуанаттар бағына бармайтын, тек экологиялық таза аяқ киім киетін, ел алдында жылауды білетін тұлға ретінде қалды.

Генералдың отставкасы

Бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бір сұхбатында:

– Біздің әрқайсымыздың асқақ арманымыз бар ... Сардар болуды армандамайтын сарбаз сарбаз емес, -  деген еді.

Ол өзі армандағандай генерал шенін алды,  бірақ Абай ауданындағы ірі өрт оның карьерасының күлін көкке ұшырды. Президент генерал Ильинді апатқа дер кезінде реакция білдірмегені үшін қызметінен босатты. Бірақ қызметтен алынуына Абай ауданындағы төтенше жағдай себеп болғаны ресми түрде айтылмады. Алайда Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты министрліктердің «апаттың ауқымы туралы қате болжам жасағанын», соның салдарынан өрттің ауқымы артып, апат 14 адамның өмірін қиғанын атап өтті. Бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің әрекетін Бас прокуратура тексереді деп уәде берді.

Бұл туралы бұрынғы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов та айтты. Ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы әзірге Юрий Ильинге қатысты жеке қылмыстық іс қозғалмағанын, бірақ оның кінәсі анықталса, айып тағылатынын жеткізді.

– Қысқа мерзімде барлығын тексеру мүмкін емес. Біздің Есеп комитеті жоспарлы түрде жұмыс істейді, Бас прокуратураның, Әскери прокуратураның бөлімшелері, мемлекеттік аудит жүйесі жұмыс істейді. Ескертпелер мен олқылықтар бар, бірақ біз соның барлығымен жұмыс істеп жатырмыз», — деді жаңа тағайындалған ТЖМ.

Бұған дейін, 2019 жылы Қазақстан Республикасының экс-премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев сол кезде Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған Юрий Ильинге өрттің алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша дұрыс жұмыс жүргізбегені үшін сөгіс жариялаған. Ол кезде Ильин бұл шешімге дауласпады және премьер-министрдің сынымен келісті.

2021 жылдың соңында министр Юрий Ильин журналистерге аң аулау кезінде кәсіпкерлердің Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару тікұшағын заңсыз пайдаланғаны туралы ақпаратты растады. Ильин Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне тиесілі «Қазавиаспас» тікұшағын жеке тұлғалардың құтқару жұмыстарына қатысы жоқ мақсаттарда пайдаланғанын мойындап, бұл үшін сыйақы алғаны туралы қауесеттерді жоққа шығарды.

2022 жылдың желтоқсан айының соңында «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің директоры Кәрім Көкірекбаев ұсталды. Ол BAZIS CONSTRUCTION-INFR филиалының директоры Андрей Поплавскийден шамамен 800 мың доллар көлемінде ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді.

2023 жылдың 24 мамырында Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазселденқорғау» компаниясының бір емес, бірнеше басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын хабарлады, олар тергеу деректері бойынша кәсіпкерлерден жалпы сомасы ірі және аса ірі көлемде пара алған. Аяқталғамаған жұмыс актілеріне қол қою мен жалпы қамқорлық жасағаны үшін 396 млн.теңге пара алған. Іс әлі аяқталған жоқ.

Генералдың қазір қайда, не істеп жүргені туралы мәлімет жоқ. Бірақ оның жайлы өмір сүруі үшін «қауіпсіздік жастығы» бар деп есептейміз. Оның ұлы Игорь Ильин «Самұрық-Қазына» холдингінің құрамына кіретін Karabatan Utility Solutions құрылымын басқарады.

Менде ауыстыратын басқа министр жоқ

Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрінің креслосын сенаторлық мандатқа ауыстырды.

Ал бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың кейінгі тағдыры әзірге белгісіз. Жас әрі болашағы зор шенеуніктің неден сүрінгені белгісіз. Бірақ, Тоқаевтың айтуынша, қосалқы құрамның саны шектеулі болғандықтан, оның жақын арада партияның немесе үкімет тізімінен көрінуі әбден мүмкін.

Осы орайда Тоқаевтың «жазушы» сөзін «министр» сөзіне ауыстырып айтқан кадр саясаты туралы анекдотын еске түсіре кетейік.

– Берия Сталинге келіп, мына жазушы қауымға бірдеңе істемесек болмайды: Фадеев ішеді, Шолохов ішеді, Вишневский, Симонов ішеді, Толстой да ұрттайтынды шығарды деген кезде оған Сталин: «Менде басқа жазушы жоқ» деп жауап берген екен. Сол айтқандай, кім не десе, о десін, министрлерді көйлекше ауыстыратындай Тоқаевтың гардеробы аса бай емес.

Серіктес жаңалықтары