×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Жоғарғы соттың төрт судьясы орнын босатты

11.01.2024, 09:51
gov.kz

Сенат депутаттары жоғарғы соттың төрт судьясын қызметінен босатуға дауыс берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сенаттың жалпы отырысында президенттің ұсынысын жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп оқып берді.

"Сіздің қарауыңызға мемлекет басшысының жоғарғы  соттың судьялары – Ақылтай Қасымовты, Альфия Савинованы және Айгүл Сапарованы отставкаға кетуіне байланысты, сондай-ақ Ербол Исмаиловты басқа лауазымға ауысуына байланысты қызметтен босату туралы ұсынысы енгізіледі", – деді Шипп.

Исмаилов жоғары еуразиялық кеңестің шешімімен ЕАЭО сотының судьясы қызметіне тағайындалды. Савинова мен Сапарова зейнеткерлікке шықты. Ал Қасымов-судья лауазымында болудың шекті жасына (67 жас) келген екен.

Сенаторлар президенттің ұсынысын бірауыздан қолдады.

Серіктес жаңалықтары