×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Жошы қазақ хандарының атасы": тарих оқулығын қайта жазу туралы

11.01.2024, 12:17
"Жошы қазақ хандарының атасы": тарих оқулығын қайта жазу туралы
Коллаж Ulysmedia

Сенатор Дархан Қыдырәлі Қазақстан тарихы туралы мектеп оқулықтарын жаңа көп томдық негізінде жазуды ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақ хандарының атасы

Дархан Қыдырәлі өзінің депутаттық сауалында Жошы ұлысының іргесі қаланғанына 800 жыл толуы қазақ халқының шынайы тарихына маңыз беруі үшін тамаша мүмкіндік екенін айтты.

“Таяуда президент «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында осы айтулы датаны еске салды. Мемлекет басшысы біздің мемлекеттілігіміздің тамыры тереңде жатқанын әйгілейтін осы айтулы датаға орай ауқымды зерттеулер жүргізу маңызды екенін атап өтті. Бұған дейін Түркі академиясы Жошы ұлысы туралы зерттеулер жүргізіп, экспедициялар ұйымдастырған болатын.

Мектеп оқулықтары осы көптомдық негізінде қайта жазылғаны абзал. Онда Жошының қазақ хандарының атасы екені баса айтылуы тиіс. Сонымен қатар оқулықтарға қазақ мемлекеттігінің бастаулары туралы да деректер енгізу керек. Мәселен 6-7 сыныпқа арналған оқулықта Моғолстан мемлекетіне 1 параграф, 10-сыныпқа арналған оқулықта 4-5 жол ғана арналған. Ал осы Моғолстан жерінде Шу бойында Қазақ хандығының негізі қаланғаны белгілі», - деді сенатор.

Ұсыныстар қандай

Дархан Қыдырәлі еліміздің жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына Қазақстан тарихының кейінгі нұсқасын енгізудің маңыздылығын атап өтті. Сенатор осыған байланысты Үкімет басшысына бірқатар ұсыныс жасады.

«Жошы ұлысына арналған іргелі зерттеулер жүргізу, арнайы музей жасақтау, Едіге байқауын өткізу,Ұлытаудағы ескерткіш кешендерді ЮНЕСКО материалдық мұралар тізіміне енгізу де өзекті. Елімізде өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Жошыны насихаттау үшін үлкен мүмкіндік. Сондықтан оларға ақпараттық қолдау көрсету, танымдық деректі және көркем фильмдер мен балаларға арналған мультфильмдер ұсыну да маңызды», - деді сенатор.