×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақ үкіметін кімдер басқарды әрі олар қазір қайда жүр

05.02.2024, 16:43
Коллаж: ulysmedia.kz.

Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы 11-ші премьер-министр Әлихан Смайылов қызметінен кетті. 12-ші премьер бірер күнде белгілі болады. Ал біз осы уақытқа дейін тоқсаныншы жылдардан бері үкіметті кімдер басқарғанын және олардың қайда жүргенін шолып шығайық.

Қазақстанның ең алғашқы премьер-министрі Сергей Терещенко былтыр қайтыс болған. Ол 1991-1994 жылдар аралығында үкіметті басқарды.

Одан кейін аталған қызметті атқарған Әкежан Қажыгелдин ұзақ жылдан бері шетелде тұрады. Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерді қайтару ісіне белсене араласып, кейде БАҚ-қа сұхбат береді.

Екі мыңыншы жылдар басталмай тұрып үкіметті басқарған Нұрлан Балғымбаев 2015 жылы қайтыс болған.

Үкіметті екі рет басқарған Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдан бері Қазақстан президенті. 

Иманғали Тасмағамбетов премьер-министр креслосында ең қысқа уақыт – бір жыл отырды. Қазір ол ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымында бас хатшы. 

Тәуелсіздік жылдарында екі рет премьер-министр болып үлгерген тағы бір адам – Кәрім Мәсімов. Жалпы шамамен 7 жыл осы лауазымды атқарды. Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарып отырған тұсында Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталып, ауыр айыппен 18 жылға сотталып кетті. Қазір түрмеде жазасын өтеп жатыр.

Сотты болған тағы бір премьер Серік Ахметов. Ол бұл қызметті 2012-2014 жылдар аралығында атқарды.

Үкіметті бертін үш жыл басқарған премьер-министр – Бақытжан Сағынтаев. Бүкіл елді дүрліктірген “жанып кеткен бес баланың оқиғасынан” кейін ол көп өтпей отставкаға кетті. Қазір Еуразиялық экономикалық комиссияда қызмет атқарады.

Әлихан Смайылов 2022 жылы Қаңтар оқиғаларынан кейін үкімет басына келген адам. Оған дейін бұрынғы премьер Асқар Маминнің бірінші орынбасары болды. Маминнің өзі 2022 жылдың басынан бері саяси сахнадан кетіп қалды. Соңғы рет оны Түркияда көріп, видеоға түсіріп алғандар бар. Оның алдында Ресейде бой көрсетті. Қазір жалпақ жұрттың көзіне көріне бермейді.

Серіктес жаңалықтары