×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің қазақшасы жұрттың ашуын туғызды

28.10.2021, 16:34

Бүгін сенаторлар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Заңды таныстырған Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевке депутаттардың бірі қазақша сауал қойған болатын. Әлеуметтік желіде тараған видеодан оның қиналып жауап бергені көрініп тұр. Ал белгілі бизнесмен Қайрат Құдайберген шенеунікті сынап жатқандарға ренішін білдірді.

«Мынау не мыңқылдап жатыр?», «Его казахский прям как наша экономика», «Сабаққа дайындалмаған оқушыға ұқсайды», «Орыс десең - түрі жоқ, қазақ десең- тілі жоқ» деп біздің адамдар министірге «қолдау» көрсетті», - деп жазды бизнесмен Қайрат Құдайберген Facebook парақшасынада.

Айта кетейік, 35 жастағы министр биыл 18 қаңтарда лауазымды қызметке тағайындалған  болатын.

«Керісінше бұндай бауырларымызға қолдау көрсетіп, арқасынан қағып «жарайсың» деп қойсақ, олардың тіл меңгеру ынтасы одан да арттады», - деп жазды Құдайберген.

Серіктес жаңалықтары