×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Жазушы Жұмабай Шаштайұлы қайтыс болды

12.03.2024, 07:25
Ашық дереккөзден

Қаралы хабарды әлеуметтік желіге мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан жазды, деп жазады Ulysmedia.kz.

- Қасиетті Оразаның екінші күні қазақтың біртуар қаламгері, асыл Ағамыз Жұмабай Шаштайұлы Жаратқанның құзырына қайтыпты… Өкінішті… Сөз жоқ… Бірнеше буынға ұстаз болған, адал һәм тап-таза қалпынан айнымай, соңынан бір ауыз бөтен сөз ілестірмеген сәби болмысты Жұмағаң туралы айтар жақсы әңгіме көп. Жақсылар шетінен кетіп жатыр… Сізді сағынатын болдық… – деп жазды депутат.

Жұмабай Шаштайұлы (10.10.1950 жылы туған, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылы) - жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Коммунизм жолы газетінде, 1980-87 жылдары республика Лениншіл жас, Социалистік Қазақстан газеттерінде, 1987-90 жылдары Жалын журналында жұмыс істеді. 

1990-92 жылдары Қазақ тілі қоғамы Алматы облыстық комитеті төрағасының орынбасары, 1992-96 жылдары Жас Алаш, Қазақ әдебиеті газеттерінде бөлім меңтерушісі, 1996-2002 жылдары халықаралық Заман-Қазақстан газетінің бас редакторы болды. 2002 жылдан Қазақ радиосының бас редакторы қызметінде еңбек етті.

1982 жылы Таң нұры атты ұжымдық жинаққа Қияда атты алғашқы повесі енді. 1984 жылы шыққан Қызын кар атты тұңғыш жинағы сол кездегі саяси басшылық тарапынан қатал сынға ілікті. Бұдан соң Жала мен нала (1987), Жыр жолбарыс (1996), Біздің заманның Аяз биі (1997) кітаптары жарық көрді.

Серіктес жаңалықтары