×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Зайнутдинов пен Айымбетов ұлттық құрама сапына қосылды

18.03.2024, 11:54
Фото: instagram.com/kff_team

Бахтиер Зайнутдинов пен Абат Айымбетов футболдан Қазақстан құрамасының сапына қосылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан футбол федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасы түркиялық "Бешікташ" футбол клубында ойнайтын Бахтиер Зайнутдинов пен "Адана Демирспор" командасының футболшысы Абат Айымбетов футболдан Қазақстан құрамасының Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына барғанын жазды.

Кім келгенін қарасаңыздаршы. Баха мен Абат қосылды. Ертең Нұралыны күтеміз, – делінген Қазақстан футбол федерациясының Instagram-дағы жазбасында.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан құрамасы 21 наурызда Ұлттар лигасының плей-офф сатысында Грекияға қарсы ойын өткізеді. Егер жеңсе, Грузия – Люксембург жұбының жеңімпазымен 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдаманы сарапқа салады. 

Серіктес жаңалықтары