×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Екібастұзда 7 жасар Милананың өлімінің мән-жайы белгілі болды

26.03.2024, 16:42
Фото: ашық дереккөз

Екібастұзда 7 жасар Милана Давыдованың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысына баланың анасы мен көңілдесі қатысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Павлодар облысында жеті жасар Милана Давыдованың өліміне қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау өтті. Тергеу анықтағандай, өлтірілген күні сотталушының сүйіктісі оған ішімдік ішіп келіп, содан кейін жыныстық қатынасқа түскен, деп жазады «Наша жизнь».

Осы кезде дәлізге мектептен қайтқан Милана кіреді. Ол не болып жатқанын көріп, әкесіне бәрін айтамын деп айғайлайды. Айыптаушы тараптың айтуынша, анасы үйге өз қызының артынан жүгіріп кіріп, оны аяусыз ұра бастаған.

Ол сол қолының жұдырығымен оның бет аймағына екі рет ұрған, ол еденге құлаған. Қылмыстық әрекеттерін жалғастыра отырып, ол белбеумен Давыдованың арқасы мен денесіне бірнеше рет соққы бере бастады, содан кейін ол есін жоғалтты, - деді прокурор.

Сосын, мемлекеттік айыптаушының айтуынша, ол ғашығына баланы буындырып өлтіретін белбеуді берген. Салдарынан қыз сол жерде жан тапсырды. Мұның бәрі Давыдованың кішкентай ұлының көзінше болғаны анықталды.

Мәйітті үйдің жанына тығып қойған анасы қызының жоғалып кеткенін хабарлады. Олар күдіктілер қылмысын мойындағанша баланы бірнеше күн іздеген.

Оқиға

Өткен аптада істің сотқа өткені белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 17 қарашасында Милана Давыдованың анасы оның жоғалып кеткенін айтып, Екібастұз полициясына хабарласқан. Олар қызды бірнеше күн бойы іздеді. Әкесі оны ұрлап кеткен болуы мүмкін деп болжады.

Кейін полиция Милананың анасын қызын өлтірді деген күдікпен ұстаған. Оның «сыбайласы» ата-анасымен бірге ұсталды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, дәл сол «сыбайлас» күдіктінің – сүйіктісі.

Қайғылы оқиғадан кейін Қоянды ауылдық округінің әкімі мен Екібастұз қалалық әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы қызметтерінен босатылды.

Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин, оның әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары Айзада Құрманова, сондай-ақ облыстық білім және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының басшылары Самал Айтқазина мен Альмира Дюсюпова сөгіс алды.

Серіктес жаңалықтары