×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Ақтөбелік вандал-шенеунік қызметінен тағы кетті

28.03.2024, 13:42
Фото: ашық дереккөз

Жартасқа баласының есімін ойып жазған шенеунік қызметінен тағы босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Қанат Ысқақов мәлім етті.

Жақында Манас Көшербаев Ақтөбе облысындағы Байғанин аудандық Мәдениет үйін басқаратыны белгілі болған еді. Енді шенеунік бұл қызметінен де айырылған.

«Байғанин аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының 2024 жылғы 27 наурыздағы бұйрығымен Манас Көшербаев берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды», - дейді вице-министр.

Министрлік аудандық мәдениет бөлімінің басшысы ұсынған бұйрықты көрсетті.

Бұған дейін БАҚ Маңғыстаудағы Ыбықты сай шатқалында ойып жазу жазған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалғанын жазған болатын. Ер адам балға, бұрағышқа ұқсас затпен жартасқа қыз баласының атын ойып жазған.

Еске салсақ, ақтөбелік шенеунік әлеуметтік желіге видео жариялап, кешірім сұраған еді.

Кейін ол қызметінен босатылды.

 

Серіктес жаңалықтары