×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Мәжіліс депутаты су тасқынына жол берген шенеуніктерді жазалауды ұсынды

Фото: gov.kz

Депутат Нартай Сәрсенғалиев Мәжіліс мінберінде Қазақстандағы су тасқыны апатына алдын ала әрекет жасамай, немқұрайлы қараған мемлекеттік қызметкерлер – шенеуніктерге құқықтық баға берілуі керек деген мәселені көтергенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазір апаттың салдарымен күресіп жатырмыз. Себебімен күресуді ұмытқалы қашан болды!? Тасқан су апатының салдары біртіндеп қайтқаннан кейін тиісті шаралар қабылданады ғой деп ойлаймын. Жергілікті әкімдер мен министрлердің тағайындалуына, орнынан алып тастауына құзыреті бар органдар азаматтар өздерінің қорытындысын шығарады ғой деген ойдамын, - деді депутат.

Бектеновтың тапсырмасы 

Үкімет басшысы Олжас Бектенов бүгін су тасқынына байланысты үкімет мүшелері мен министрлерге бірқатар тапсырма берді. Оның айтуынша, эвакуациялау – бірінші кезекте, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бектенов сол себепті құтқарушылардың жұмысын қиындатпай, оларға қарсылық емес, керісінше, қолдау көрсету керектігін айтады.

Қазақстанның бірнеше өңірінің халқы неше күннен бері су тасқыны азабын көріп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқының жағдайына “тұрақты-күрделі” деп баға береді. Батыс аймақтарда су аздап төмендеген, орталық, солтүстік және шығыс бөліктерінде керісінше өзендер деңгейінің қарқынды жоғарлауы байқалады. Су басу аймағында 5 облыстар қалуда, әкімдіктермен жергілікті ауқымдағы 20 төтенше жағдай жарияланған.

Серіктес жаңалықтары