×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Азық-түлік бағасы қымбаттап барады: Тоқаев қымбатшылық мәселесіне қатысты есеп беруді тапсырды

04.11.2021, 18:44
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы моноқалаларды дамыту жөнінде республикалық кеңес өткізді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Ақорданың мәліметінше, кеңес барысында Президент моноқалаларды дамыту мәселесімен қатар  өңірлердің әкімдері мен Үкімет мүшелерінің назарын жедел әрекет етуді талап етіп отырған бірқатар өзекті мәселеге аударды. Мемлекет басшысы инфляция деңгейінің артуын бірінші мәселе ретінде атап өтті.

«Биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 10,4 пайызға қымбаттады. 9 айдың қорытындысы бойынша инфляцияның жалпы өсімі 8,9 пайызды құрады. Егін жинау науқаны аяқталғанымен, көкөністердің бағасы шарықтап тұр. Басқа да азық-түлік тауарларының бағасы қымбаттап барады. Менің тапсырмам бойынша делдалдық әрекеттерді анықтау жөніндегі аймақтық комиссиялар құрылды. Ал, шын мәнінде, ештеңе істелмеген. Нәтижесін мен де, халық та көріп отырған жоқ. Президент Әкімшілігі осы мәселені зерттеп, бір апта ішінде есеп беруі керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары