×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы: 1,4 трлн теңге кімдерге беріледі

09.11.2021, 15:29
Коллаж: ulysmedia.kz

«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасына 1,5 трлн теңге бөлінеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Еске салсақ, Президент Жарлығымен 10 ұлттық жоба бекітілді. Соның бірі «Жасыл Қазақстан». Оның мақсатын Үкімет былай деп көрсеткен:

«Халық үшін қолайлы өмір сүру ортасын құру және экологиялық жағдайды жақсарту, оның ішінде: атмосфералық ауа сапасын жақсарту, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен тиімді жұмыс істеу, суды тиімді және ұқыпты пайдалану, Балқаш көлі мен Солтүстік Арал теңізінің экожүйелерін сақтау, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлері мен ихтиофауналардың санын ұлғайту жолымен биологиялық әртүрлілікті сақтау, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру, жасыл екпелер алаңын ұлғайту, табиғат пен жануарлар, сондай-ақ халықтың экологиялық санасын жаңғырту».

Осы мақсаттарды іске асыратын мекемелер ретінде Үкімет төмендегі тізімді көрсеткен. Демек,1,4 трлн теңгені игеретін де осылар. Оның ішінде «АрселорМиттал Теміртау», «Казцинк» секілді алпауыт компаниялар да бар.

Ұлттық жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар:

ЭГТРМ, БҒМ, АҚДМ, ДСМ, ҰЭМ, ИИДМ, ЖАБ,  «Самрұк-Энерго» АҚ, «Қазводхоз» РММ, «ИРЭиЭ» АҚ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Астана энергия»,  «АЛЭС» АО,  «ПКОП» ЖШС,  «ТНК Казхром» АҚ,  «АЗХС» АҚ, «Актобе ТЭЦ» АҚ, «Стройдеталь» ЖШС, «АНПЗ» АҚ, УКМК ЖШС «Казцинк»,  «УК ТЭЦ» АҚ,  «Караганда Энергоцентр» ЖШС, «Kazakhmys Smelting» ЖШС, «ПНХЗ» ЖШС,  «Алюминий Казахстан» АҚ, «Clean City NC» ЖШС,  «НТП Kazecotech» ЖШС, «Astana Recycling Plant» ЖШС, «Казфосфат»

«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының жетекшісі - ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. А. Брекешев, кураторы – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р. В. Скляр.

Серіктес жаңалықтары