×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қандастарға қатысты қаулы шыққан күн – атаулы күндер тізбесіне қосылады

16.11.2021, 15:18
Фото: Ашық дереккөзден

Тиісті тапсырманы президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тапсырды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Қандастарымыздың атажұртына оралуы туралы тұңғыш президентіміз бірқатар маңызды тарихи шешім қабылдаған еді. Ұлы көш 1991 жылы басталды. Бұған елбасының тапсырмасы мен Қазақ КСР министрлер кабинеті қабылдаған нөмір 711 қаулы ресми түрде жол ашты. Бұл құжат 1991 жылғы 18 қарашада қабылданды. Көп ұзамай елбасы алыстағы ағайынға ақ тілек атты үндеуін жариялап, шеттегі қандастарымызды елге шақырды. Соның нәтижесінде 1,5 млн қазақ отанына оралды», - деді президент ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Мемлекет басшысы бүгін де олар егеменді елімізді өркендетуге өз үлестерін қосып жатқанын, олардың ішінде Ауыт Мұқибек, сонымен бірге тағы басқа қоғам қайраткерлері ұлы көштің тарихи рөлін ескеріп, арнайы күн белгілеу қажеттігін айтып жүргенін атап өтті.

«Үкіметке осы тарихи датаны атаулы күндер тізбесіне қосу мәселесін жан-жақты қарастырып, тииісті ұсыныс енгізуді тапсырамын», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары