×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Қазақстандық көлік экспорты 43 пайызға артты

18.11.2021, 16:55
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметі бойынша, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында елімізде шығарылған 7 816 автокөлік Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге жеткізілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43%-ға артық, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан автомобиль өнеркәсібінің негізгі экспорттық нарығы Ресейге бағытталған, жылдың үш тоқсанында 4346 автокөлік жөнелтілді. Өзбекстанға 2968 көлік, Беларусь Республикасына 398, Қырғызстанға 102 және Әзірбайжанға 2 көлік жолданды.

«2021 жылдың тоғыз айында Қазақстанда 63 559 көлік шығарылды, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,5%-ға артық. Өндірістің жалпы көлемінің 86,6%-ы жеңіл автомобильдерге тиесілі – 55016 бірлік, бұл өткен жылдың алғашқы үш тоқсанымен салыстырғанда 30,8%-ға артық. Жүк көліктерінің өндірісі 32,1%-ға, яғни 6971 бірлікке дейін артып, 9 айда 872 автобус, 489 тіркеме және 211 арнайы жабдық құрастырылды», делінген мәліметте.

Жалпы өнім көлемінің жартысынан астамын (60%) Қостанай зауыты «СарыарқаАвтоПром» қамтамасыз етті, 38 309 көлік шығара отырып, жылдық өсу қарқыны 46,8%-ды құрады. Ал Алматылық Hyundai Trans Kazakhstan конвейерінен 19 585 вагон шықты. Семей автомобиль зауыты 3155 дана коммерциялық жабдық шығарды. Республикадағы аталған үш жетекші кәсіпорын автомобиль өнеркәсібіндегі ұлттық өнім көлемінің 96 пайызын құрайды

Серіктес жаңалықтары