×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Президент: дипломаттар алдымен мемлекеттік тілді білуі керек

18.11.2021, 17:05
Фото: Ақорда сайтынан

Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев шетелде қызмет етіп жүрген Қазақстан азаматтарының ең бірінші кезекті мемлекеттік тілді білуі қажеттігін айтты деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстан дипломатиясының жаңа келбетін қалыптастыру, осы салаға тың серпіліс қажет екенін атап өтті.

«Білікті мамандардың Сыртқы істер министрлігінен кетуі оның кадрлық әлеуетін төмендетуде. Бұл – шын мәнінде, өзекті мәселе. Мен осы министрлік ең консервативті құрылымның бірі екенін білемін. Мұның жақсы жағы да бар. Дәстүр сақталады, кәсіби дипломаттар шоғыры қалыптасады. Дегенмен, жағымсыз жағы да жоқ емес. Білімді, білікті әрі елге адал қызмет еткісі келетін жастар үшін министрлікке жұмысқа тұру – «алынбас қамалдай». Бұл ахуалды түзеп, кадр саясатын түбегейлі қайта қарайтын кез келді. Дипломатиялық қызметке, ең алдымен, көзі ашық, көкірегі ояу, отаншыл мамандар қажет. Қазақстан атынан шет мемлекеттерде қызмет істеп жүрген дипломаттарымыз шетел тілдерін ғана емес, алдымен, мемлекеттік тілді білуі керек», – деді Президент.

Ұлттық мүддені қорғайтын кезде тиімді жұмыс атқарылмайтынын келтірген Тоқаев, Жайық өзені тартылып, Қазақстанға жолданған жүк Қытай шекарасында тұрып қалып жатқанына алаңдады.

 

Серіктес жаңалықтары