Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Президентке жаңартылған заңнамаға сай республикалық референдумға дайындық және ұйымдастыру жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Орталық сайлау комиссиясының даму стратегиясын іске асырудың негізгі аспектілері баяндалды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Оқи отырыңыз: Энергия тапшылығының қаупі қандай? АЭС салудан халық неге қорқады? Тариф өсіп кетпей ме?
Еске салсақ, АЭС бойынша референдум биыл 6 қазанда өтеді.
EGov mobile қосымшасында АЭС-ке қатысты жаңа бөлім құрылды.
АЭС бойынша референдумға 15,5 млрд теңге жұмсалады.