×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

22 жылда 5 төрайым: Президент жанындағы Әйелдер комиссиясы

26.11.2021, 16:46
Коллаж: ulysmedia.kz

ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия қай жылы құрылды, Комиссияда неше төраға сайланды, олар кімдер және осы қызметті қанша уақыт атқарды, деген Ulysmedia-ның сауалына аталған комиссия жолдаған жауаптарды назарларыңызға ұсынамыз.

«1995 жылы тарихи шешім қабылданып, Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Отбасы, әйелдер мәселелері және демографиялық саясат жөніндегі кеңес құрылды .Сол жылдары Қазақстан отбасы және әйелдер мәселесімен айналысатын арнаулы институты бар санаулы мемлекеттер қатарында болды»,- деп хабарлайды Комиссия.

Мемлекет басшысының жарлығымен 1998 жылы аталған Кеңес  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия» етіп қайта құрылды.

1999 жылғы 4 наурызда комиссияның алғашқы құрамы бекітіліп, құқықтары мен өкілеттігі бұрынғы Кеңеске қарағанда әлдеқайда кеңейтілді, 2008 жылы комиссия атауына «отбасылық-демографиялық саясат» ұғымы енгізілді.

Алғашқы Кеңестің, одан соң Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) жұмыстарына белгілі қоғам және мемлекет қайраткері – ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, көп жылдар Ана мен бала денсаулығын қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығының директоры болған Нина Каюпова (1995-1999 ж.) жетекшілік етті.

Ол кісіден  кейін Ұлттық комиссияны Қоршаған ортаны қорғау министрі, Парламент Мәжілісінің депутаты болған Айткүл Самақова (1999-2007 ж.) басқарды.

2007 - 2020 жылдары Ұлттық комиссияға Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы Президент кеңесшісі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Мемлекеттік хатшы лауазымдарымен қатар жетекшілік жасады.

2014-2015 жылдары «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушысы Бекбосынова Махаббат Сансызбайқызы жетекшілік етті.

2020 жылдың мамыр айынан Ұлттық комиссияны Парламент Мәжілісінің депутаты Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы басқаруда.

Ұлттық комиссияның жұмысына биыл 22 жыл толып отыр. Ұлттық комиссия Президент жанындағы консультативтік - кеңестік орган болған соң оның төрағасы және құрамы Президенттің арнайы Жарлығымен бекітіледі. Ұлттық комиссия төрағасы және оның мүшелері комиссия жұмысын қоғамдық негізде ақысыз атқарады.

Еске сала кетсек, 25 қараша әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою бойынша халықаралық күрес күні. Сондай-ақ, кешеден бері әлемде гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік науқан басталды. 

Қазақстанда жыл сайын әйелдерге қатысты 2,5 мыңнан астам зорлық-зомбылық тіркеледі, мұның соңы өлімге де ұласып жатады. Күн сайын дүние жүзінде 137 әйел жақындары мен туыстарының қолынан қаза табады. БҰҰ мәліметі бойынша, әйелдерді өлтіретін орын көбінде өзінің үйі. Ulysmedia.kz  науқан аясында ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия атқарған жұмыстарға тоқталатын болады.

Серіктес жаңалықтары