×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықпен күрес: 16 күндік науқан басталды

25.11.2021, 09:45
Карикатура: Ғалым Смағұлұлы

25 қараша әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою бойынша халықаралық күрес күні. Сондай-ақ, бұл күні гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-әрекеттің 16 күндік науқаны басталды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қазақстанда жыл сайын әйелдерге қатысты 2,5 мыңнан астам зорлық-зомбылық тіркеледі, мұның соңы өлімге де ұласып жатады. Күн сайын дүние жүзінде 137 әйел жақындары мен туыстарының қолынан қаза табады. БҰҰ мәліметі бойынша, әйелдерді өлтіретін орын көбінде өзінің үйі.

2017 жылы өлтірілген 87 000 әйелдің жартысынан көбі ең жақын адамдарының құрбаны болды. Олардың 30 мыңы күйеуі немесе бірге тұратын серігінің қолынан қаза тапса, тағы 20 мың әйел туыстарының қолынан қайтыс болған.

Аталған 16 күндік науқан аясында маңызды мәселелер мен гендерлік зорлық-зомбылық туралы күрделі пікірталастар көтеріледі.

Серіктес жаңалықтары