×
479.71
533.77
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.71
533.77
5.16

Бозымбаев келесі премьер-министр ме – өзінің жауабы

24.09.2024, 12:08
Бозымбаев келесі премьер-министр ме – өзінің жауабы
Коллаж Ulysmedia.kz

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев сұрақ қойған Ulysmedia.kz журналисіне өсек тыңдамауға кеңес берді.

Үкімет отырысында су тасқынының салдарымен күрес, салынған және салынып жатқан үйлер жөнінде отырыс өткен. Отырыс барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев соңғы мәліметтерді жариялады. 

Қанат Бозымбаевьты журналистер тек Үкімет ғимаратында көретіндіктен, оған тақырыптан тыс сұрақ қойылған.

– Сізге тақырыптан тыс сұрақ қоюға рұқсат етіңіз: жалпы сіздің бұған дейін премьер-министр болуыңыз мүмкін екені айтылған. Бұл болжам жөнінде өзіңіз не ойлайсыз? – деп сұралды одан.

Бозымбаевқа сұрақ ұнамай қалса керек.

– Мен сізге бір кеңес берейін: таңертең төсектен тұрғанда өсектерді тыңдамаңыз, – деп жұртты күлдірді.

“Сізге жауап берейін. Мен таңертең төсектен тұрғанда өсек тыңдамаймын. Рақмет!” деп жауап берді журналист.