×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Рақымшылық: Қазақстанда тергеу сатысындағы 5 мың іс қысқыртылады

02.12.2021, 09:08
Фото: Ашық дереккөзден

Парламент Сенаты Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Сенатта сөз сөйлеген ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев заң жобасының мақсаты онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс үшін жазадан босату екенін мәлім етті. Ол бойынша кейбір аса ауыр қылмыстар үшін жазаның мерзімі қысқартылады. Рақымшылық ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, жасы үлкендерге, І және ІІ топтағы мүгедектерге, сондай-ақ қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға қолданылады.

Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда елімізде 64 мекеме мен 16 тергеу изоялторында 34 мың адам бар. Оның ішінде 30 мың адамға сот үкімі шыққан. Қалған 4 мың адам тергеу бойынша қамауда отыр. 93 пайызы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қамауда болса, 45 пайызы оның алдында бірнеше рет сотталғандар. Сонымен қатар 32 мың адам пробациялық бақылауда тұр.

«Жоба бойынша 2236 сотталушыға, 11310 пробациялық бақылауда тұрған адамға рақымшылық жасалады. Рақымшылық нәтижесінде 1 мың адам бостандыққа шығады. 3818 адам пробациялық бақылаудан босатылады. 1294 сотталушыға, 7392 пробацияға тұрған адамға жаза мерзімі қысқартылады. Үшіншіден сотқа дейін тергеу өндірісіндегі тергеу 5 мың іс қысқартылады. 1674 адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. 1471 адамға жаза мерзімін қысқарту немесе босату ережелері қолданылады. Аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық қарастырылмаған», - деді министр.

Еске сала кетсек бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ қызметкерлерімен өткізген жиында азаматтарға қауіп төндірмейтін сотталушыларға рақымшылық жасалатынын мәлім еткен еді. Рақымшылық Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты жарияланады.

Серіктес жаңалықтары