×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

20 жаста 3 млн теңге: жұрт зейнетақы қоры енгізген өзгеріске ашулы

03.12.2021, 12:24
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желі қолданушылары жаңа жылдан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы артық соманы алған кезде шотта қалуы керек жеткілікті соманың екі есеге дерлік өсетініне наразылық танытып жатыр деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәселен журналист Ерке Жұматай әдеттегідей ресми мекемелер тарапынан халықпен жедел коммуникацияның ақсап, жауапкершілікті бір-біріне сілтеуде екенін жазды.

Сотқа беру керек деп ұйғарған азаматтар да жолығады.

Сәбит Рысбаев есімді желі пайдаланушысы қалталы, құрығы ұзын қазақстандықтардың мүмкіндікті барынша пайдаланып, қорын енді жинай бергендерге кезек келгенде қапы қалғанын меңзеді.

Банктерде жаңа жылға дейінгі бір айға толмас уақытта, төменгі шекті сома өспей тұрғанда, артық қаржыны шешуге асыққан жұрт кезегі қалың екені белгілі болып отыр. Осы орайда желі қолданушылары бір-біріне тиісті қаржы қолға тисе, қалай қолдануға болатынын кеңес етуде.

Журналист Салтанат Тоқабекова 20 жаста 3 миллион теңгеден астам қор жинаудың ақылға сыйымсыз екенін келтірді.

Гүлмира Әбіқай таң атпай БЖЗҚ сайты істен шыққанына назар аударып, бұдан соң кейбір санаттағы азаматтарға үй алу тіпті арманға айналғанын атап өтті.

Еске сала кетсек, құзыретті мамандар, зейнетақы қаржысын алуға қажет төменгі жеткілікті шектің күрт өсуін 2022 жылға әлеуметтік көрсеткіштер мөлшерінің ұлғайтылуымен (ең төменгі жалақы мөлшері 2021 жылы 42 500 теңгеден 2022 жылы 60 000 теңгеге дейін (немесе 41%) өспек) түсіндірді. Ал сарапшылар, бұған дейін шотындағы артық ақшаны БЖЗҚ салымшыларының 7%-ы ғана ала алған болса, енді олардың қатары 3%-дан да азға төмендегенін айтады. 

Серіктес жаңалықтары